«МӨЭК» АҚ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» МАРАФОН-ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

28 маусымда Ақтауда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, марафон-жүгіру шарасы өтті. Спорттық іс-шара «Есірткісіз қала» бастамасы аясында «Заң және тәртіп» акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен бірге қатысушылардың физикалық және моральдық рухын нығайту.

10 шақырымдық қашықтыққа 15 пен 30 жас аралығындағы 200-ге жуық қатысушы шықты.

Жүгірушілердің қатарында «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ («МӨЭК» АҚ) өкілдері де болды. Энергетиктер спорттық көңіл-күй мен белсенді азаматтық ұстанымды лайықты көрсетті.

МетрологияқызметініңмаманыАманжолКенганменЭЭКЕАЖ бөлімініңбасмаманыЕрболТауасаровбарлыққашықтықтыойдағыдайеңсеріп, маңыздықоғамдықіскеөзүлестерін қосты.

Компания мұндай іс-шараларға қатысу командалық рухты нығайтуға, сондай-ақ қоғам мен денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.