«МӨЭК» «PROSKILLS+AI» ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

21 қараша күні Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Proskills+AI: Цифрлық дәуірдегі жұмысшы мамандықтар» форумы өтті. Іс-шара жедел цифрландыру жағдайында жұмысшы мамандықтарын дамытудың заманауи тәсілдерін талқылау үшін негізгі алаңға айналды.

Форумның басты мақсаты ғылым және жоғары білім министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, жұмыс берушілер, сарапшылар мен білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу ортасын құру мақсатында өтті.

Форумды Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов ашты. Ол өз сөзінде іс шараның маңыздылығын және жұмысшы мамандықтарының стратегиялық рөлін атап өтті.

-«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл бастама жаңа буын мамандарын даярлауда, кәсіптік білім беруді жаңғыртуда және еңбек нарығын жаңа талаптарға бейімдеуде үлкен мүмкіндіктер ашады. Форум тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктерді нығайтуға, жаңа идеялар мен бастамаларды қалыптастыруға, сондай-ақ нақты ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған. Біз цифрлық дәуірде жұмысшы мамандықтар серпінді дамып, жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз», - деді ректор.

Бағдарлама аясында жұмыс берушілер, колледждер, жоғары оқу орындары мен құзыреттілік орталықтары өздерінің жобаларын, технологиялары мен инновациялық шешімдерін ұсынды, сондай-ақ жастарға оқыту, практикадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Форумға Қазақстанның ірі компаниялары қатысты. Тәжірибе алмасу аясында іс-шараға «МӨЭК» АҚ корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елімай Қозибағарқызы қатысты. Ол компанияның дуалды оқытуды дамыту және энергетика саласының мамандарын даярлаудағы тәжірибесімен бөлісті.

-«МӨЭК» АҚ үшін дуальды оқыту бұл кадрларды даярлау құралы ғана емес, дамудың стратегиялық бағыты. Біз студенттердің практикалық дағдыларына көп көңіл бөлеміз, өйткені энергетика тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары кәсіби дайындықты қажет етеді. Оқу орындарымен ынтымақтастық бізге оқу кезеңінде нақты өндірістік процестермен танысатын болашақ кадрларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл мамандарды даярлау сапасын арттырады және түлектерге мамандыққа тез бейімделуге көмектеседі, - деп атап өтті Елімай Қозибағарқызы.

Ол өз баяндамасында колледждермен ынтымақтастық нәтижелерін, оқытудың жаңа тәсілдерін және дуальды білім беру бағдарламаларын кеңейту жоспарларын ұсынды.

«PROSKILLS+АІ» форумы жұмысшы мамандықтар экономиканың негізгі буыны болып қала беретінін, ал цифрландыру кәсіптік оқытуды жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетті. «МӨЭК» АҚ-ның іс-шараға қатысуы энергетикалық сектордың болашақ құзыреттерін дамытуға және білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетті.