Энергетика дәстүрлі түрде ерлердің саласы болып есептеледі. Күйзеліске төзімділік, талап етушілік, оперативтілік және кейбір кезде суық қандылық – бұл энергетик жұмысында қажетті қасиеттер күшті ер адамның көрінісін сипаттайды. Алайда, әйелдер бұрыннан бері өз позицияларына бекемділікпен отырды.
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ әртүрлі мамандықтарда 132 әйел адам еңбек етеді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз энергетика саласында өзінің ер әріптестерімен қатар жұмыс істейтін тамаша әйел туралы айтып береміз.
Дина Жакешова бұл мамандықта болғанына 30 жастан асты. Дина Куандыккызы – энергетиканың көрінісі «ерлердің» келбеті деген түсінікті өзгертетін әйелдер үшін жарқын үлгі.
Энергетик әйел өзінің еңбек жолын қосалқы станцияға қызмет көрсету бойынша электрмонтерден «МӨЭК» АҚ Өзен ӨЭ-ғы Маңғыстау облысының ең үлкен қосалқы станциясының диспетчеріне дейін өтті. Күнделікті ол барлығын өзінің жарқындылығымен және оптимисттілігімен таң қалдырады, ол әрқашан жақсы көңіл күйде, күлімсіреп жүреді.
Үлкен тәжірибе мен жоғары кәсіпқойлық оған тәулік бойы желілердің жұмыс режимдерінің сенімді қызмет етуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар РҚА құрылғылары жұмысының үздіксіз мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.
Күнделікті жұмысында тұтынушыларды электрмен сенімді түрде жабдықталуын қамтамасыз етіп, Дина Куандыккызы биязы, сүйкімді және тартымды болып қалуға тырысады. Ол жауапкершілік ауыртпалығын абыроймен атқарады.
Дина Жакешова «МӨЭК» АҚ жұмысқа жас қыз кезінде келді. 1989 жылы Жаңаөзен қаласында мұнай техникумын «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша жақсы бітіріп шықты. Сол жылы дипломы бар маман «Өзен Энерго Мұнай» кәсіпорнына электрмонтер қызметіне қабылданды.
1994 жылы Дина Куандыккызы «Маңғыстау» өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ жұмысқа кірісті. 1994 жылдан 2008 жылға дейін Дина Жакешова Өзен АЭТ қосалқы станциясында ІІІ разрядты электрмонтер болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін Дина Куандыккызы сол АЭТ диспетчер болып жұмыс істейді.
Алған білімдеріне тоқтамай, Дина Куандыккызы 2002 жылы сырттай К.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетті «Автоматтандырылған жетек» сырттай бітіріп шықты.
Әр жұмыс күні Дина Жакешова электр энергиясын тұтынушалардан келген өтінімдерді мониторингтеуден бастайды. Оның міндетіне желілік апат орындары бойынша электрмонтерлердің бригадаларын бөлу кіреді. Жаңаөзен қаласында тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен үздіксіздігін ол өзінің жеке бақылауында ұстайды.
- Мен мамандық таңдаған кезде қателескен жоқпын! Менің бүкіл өмірім энергетикамен байланысты. Мұнда менің жаным мен менің әуестілігім. Міне 30 жыл бойы мен өз сүйікті ісіммен айналысып келемін және энергетика мен үшін жұмыстан да артық болғанын айтқым келеді. Уақыт өте келе, бұл мамандық маған көп нәрсе беріп жатқанын түсіне бастадым, ол мені үнемі тонуста ұстайды, босаңсуға мүмкіндік бермейді, ол мені жинақы, тәртіпті, зейінді, табанды, біршама суық қанды болуға үйретті, – дейді Дина Жакешова.
Сүйікті кәсібінен басқа, Дина Жакешововада берік, ұйымшыл, оны әрқашан қолдайтын отбасы бар. Жолдасымен бірге ол екі ұл тәрбиелейді.
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Дина Жакешова өзінің әйел әріптестеріне махаббат, мықты денсаулық, амандық, жұмыста өндірістік табыс, адыл және сенімді достарды, отбасы бақытын тілейді.
Бүгінгі таңда «МӨЭК» АҚ осы өңірде электрлік энергияны беруге және таратуға бағытталған Маңғыстау облысындағы ірі компания болып табылады. «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясын тұтынудың негізгі көлемі өңірдің мұнай газ секторының нысандарына келеді. Маңғыстау облысының электр энергиясын бөлу нарығында «МӨЭК» АҚ үлесі 90% құрайды.