«Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ-да аудандық электр тораптары (АЭТ) және өндірістік қызметтердің арасындағы рейтингті анықтау бойынша корпоративтік байқаудың қорытындылары жасалды.
Байқаудың негізгі мақсаты жұмыстың сапасы мен тиімділігін жақсарту, Акционерлік Қоғам жұмыскерлерінің уәждемесін көтеру болып табылады.
Байқау комиссиясымен АЭТ-ның жұмысын бағалау бойынша жұмыс жүргізілген байқаудың бағдарламасы мен шарттары әзірленді. Жалпы нәтиже барлық тармақтар бойынша баллдарды қосу арқылы анықталады. Ұжымдарда жарияланған байқауға үлкен жауапкершілікпен қарады. Өндіріс мәдениеті артты, ұйымдастық нығайды, өзара көмек пен жауапкершілік көтерілді.
Комиссия 2018 жыл бойы ай сайын өндірістік қызметтер мен аудандық электр желілерінің жұмысына талдау жүргізді. Қазылар алқасы жеңімпазды анықтау барысында басшылыққа алған, бөлімшелердің қызметін бағалаудың негізгі белгілері ретінде, нақты АЭТ-ның бөлу тораптарының объектілерінде жөндеу жұмыстарнының жоспарын орындау, электр энергиясын жоғалту жоспарын орындау, дебиторлық берешек, техника қауіпсіздігін сақтау, тәртіптік жазаның және апаттық сөнулердің болмауы сияқты АЭТ мен өндірістік қызметтердің қызметінің көрсеткіштері болды.
Өндірістік көрсеткіштерді объективті бағалаудың нәтижесінде «Үздік АЭТ» атағы Бейнеу аудандық электрторабына берілді, оны көп жылдан бері Нурлан Баймуханов басқарады. Өндірістік қызметтердің арасында бірінші орын Байланыс және диспетчерлік технологиялық басқару қызметіне берілді. Жеті жыл бойы бұл Қызметті жас маман Батыржан Жанибеков басқарып келеді.
Ақтау АЭТ және «МӨЭК» АҚ-ның Механикаландыру және көлік қызметі 2018 жылға еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтауда үздік болып танылды.
Энергетиктер «МӨЭК» АҚ-ның басшыларының қолынан марапаттарды алды.
- Жарыс рухы ұжымдардың жұмысында жақсы ынталандыру болды және компанияның басшылығына мұндай байқауды жыл сайын өткізу туралы ұсыныстар айтылды. Біздің мақсатымыз – тиімді жұмысты ұйымдастыру арқылы тұтынушыларды сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды, сонымен қатар біздің жұмыскерлермен кәсіби қауіпсіздік талаптарын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету. Электрмен жабдықтаудың сенімділігінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу, ең алдымен, біліктілігі жоғары қызметкерлерсіз мүмкін емес. Адами капитал – біздің ең бағалы қорымыз. Байқаудың нәтижелері бұл қатардағы көрсеткіштер емес. Осы және жөндеу бағдарламасын орындау және жабдықты сауаттылықпен пайдалану және АЭТ ұжымының еңбек тәртібі. Ал ең бастысы, бұл бөлімшенің сенімді, тұрақты және апатсыз жұмысының кепілі. Мен әріптестерімді жан-тәнімен беріліп, іске байыптылықпен қарағандары үшін алғысымды айтамын. Нағыз энергетиктер дәл осылай жұмыс істейді, - деді «МӨЭК» АҚ-ның Пайдалану бойынша басқармасы Төрағасының орынбасары Жаксылык Сагымбеков.
«МӨЭК» АҚ-ның Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Шабай Нуримов атап айтқандай, 2018 жыл Акционерлік Қоғамда Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жылы болып жарияланды. 2019 жыл Қауіпсіздік мәдениетін білу және қалыптастыру жылы болып жарияланды. Осы бағыттарды іске асыру мақсатында компанияда ауқымды жоспарлар әзірленіп, бекітілді.
- Осы жылы еңбекті қорғау бұрынғыша басты міндеттердің қатарында қалуда. Жұмыскерлер үнемі қауіпсіз жұмыс әдістеріне тартылуы, оқытылуы тиіс және қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары неге әкелетіндігін нақты түсінулері тиіс. Қауіпсіздік мәдениетін көтеру және жазатайым оқиғаларды болдырмау «МӨЭК» АҚ-ның басшылары мен жұмыскерлерінің ортақ жауапкершілігі болып табылады,- деп атап өтті Шабай Нуримов.
Аудандық электрлік тораптардың басым бағыты Маңғыстау облысының бүкіл аймағы бойынша тұтынушыларды үздіксіз және сапалы электрмен жабдықтау болып табылады.