«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ көктемдік жаңару мерекесі Амалды атап өтті, оны Маңғыстау облысында ғана тойлайды. Қоғам үшін Амал көктемдік мерекесін компания қабырғасында атап өту дәстүрге айналды.
Амал Батыс Қазақстанда ежелгі дәстүр болып табылады. Амалды Маңғыстау жерінде бірнеше ғасырлар бойы тойлайды. Байырғы қазақ мерекесі жаңа жылдың басы және күн мен түннің теңелуінің басталуы болып есептеледі. 14 наурызда көкте – жапырақтардың «өсу» уақыты басталады. Бұл күні адамдар өте ерте тұрып, бір біріне қонаққа барады, бір бірінің қолын ұстап, көрісу рәсімін өткізеді, кешірім сұрайды, жасы бойынша кішілері үлкендерге барады, ал үлкендер өздерінің батасын береді. Дәстүр бойынша, күндіз барлық туыстар мен достарға бару қажет. Бұл мереке жарқын сипатқа ие болды, оны құрметтейді, оған шынайы қуанады.
Амал мерекесі туындауы туралы бірнеше аңыз бар. Олардың біріне сәйкес, хан кішкентай баланы Кіші жүздің өкілдерін Наурыз мейрамымен құттықтауға жіберген, ол өте тез шауып, бұл өлкеге біршама ертерек жеткен. Барлығы бұл хабарға қуанышты болғандары соншалықты, Наурызды сол күні тойлай бастады.
Басқа аңыз бойынша, адайлықтар қыста Маңғыстауда көшіп жүрген және 14 наурызда Үстүрттің жазғы жайлауларына көше бастайтын, соның құрметіне той жасайтын.
Көктемнің келуін ерте тойлаудың тағы бір себебі – бұл каспий маңындағы өңірдің географиялық орналасуы. Ескі жыл санауы бойынша 1 наурызда, ал жаңасы бойынша 14 наурызда Қазақстанның Батыс аймағында қар еритін, ауылдардың арасында жол ашылып, туысқандарға баруға мүмкіндік пайда болатын.
Мерекелік астың алдында «МӨЭК» АҚ Басқармасының Төрағасы Салтанат Жаналыковна Игисинова ұжымды құттық тады.
- Амал мерекесі ата-бабаларға деген сүйіспеншілік және құрметтеу рухымен қатар, көктемнің және жаңарудың басталуын білдіреді. Бұл үлкендерді құрметтеу, қадірлеу мерекесі. Ең алдымен, бұл біз ата-бабаларымыздан мұраға алған және осы уақытқа дейін қадірлейтін тамаша дәстүр. Мен, осындай маңызды күнді атап өту үшін бүгін Қоғамның барлық жұмыскерлерін жинай алғанымызға өте қуаныштымын. Қазақ Жаңа жылының басына біз облыстың тұрғындарын электр энергиямен үздіксіз қамтамасыз етумен қуандырып, жақсы көрсеткіштермен келдік. Сіздерді осы керемет мерекемен құттықтаймын, сіздердің отбасыларыңызға бірлік пен аман-саулық, сіздерге бақыт пен денсаулық тілеймін,- деді Салтанат Игисинова.