«МӨЭК» АҚ-ДА ЭЛЕКТРЛІК ҚУАТТЫЛЫҚ НАРЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жақында «МӨЭК» АҚ «ЭҚҰ, ӨЭК жұмысының және ҚР электрлік қуаттылық нарығындағы тұтынушылардың ерекшелігі. 2019 жылға Ереженің түзетулері» атты семинары өтті.

Бұл семинарда отандық электр энергиясының қазіргі жағдайы мен перспективалары егжей-тегжейлі талқыланды.

Қуаттылық нарығы жұмысының механизмдері туралы «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС келешекті жобалар бөлімінің басшысы Ануар Кошкарбаев айтып берді.

Семинардың негізгі мақсаты электрлік қуат нарығында электр энергиясының көтерме нарығының субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіруге негізделді.

Семинарға «МӨЭК» АҚ мамандары, сонымен қатар энергияны өткізетін екі ұйымның өкілдері: «Мангистау Жарык» ЖШС және «Альянсэнергосбыт» ЖШС қатысты.

Семинардың шеңберінде келесі мәселелер қарастырылды:
- Электр қуаты нарығының ағымдағы мәртебесі;
- Қуаттылық нарығының бастапқы проблемалы мәселелері;
- Қуаттылық нарығын тұтынушыларға қуаттылыққа болжамды өтінімдерді қалыптастыру және беру;
- Жүйелік оператормен қуаттылыққа болжалды   сұранысты қалыптастыру;
- Қуаттылық нарығы тұтынушыларымен қуаттылық бойынша қызметтердің келісілген көлемдерін өзгерту. 2019 жылдың түзетулерін ескерумен практикалық мысалдарды қарастыру;
- 2019 жылға түзетулерді ескерумен қуаттылық нарығы тұтынушыларының өтінімдерінің негізінде жүйелік оператормен тәуліктік кестені қалыптастыру;
- Бірегей сатып алушымен қуаттылық бойынша қызметке бағаны есептеу тәртібі.