«МӨЭК» АҚ ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

  

 

Ауғаныстаннан кеңестік әскерлерді шығарудың 30-жылдығына орай «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетикалық кәсіпорында 15 жылдан бері істеп келе жатқан интернационалист жауынгерлерді құттықтады.

Жақында «МӨЭК» АҚ Ауғаныстандағы әскери әрекеттердің ардагерлерімен және қатысушыларымен салтанатты кездесу өтті.

Осы шараның шеңберінде Акционерлік Қоғамның басшылығы Кәсіподақ төрағасымен бірге шетелде әскери қимылдарға қатысқан, кәсіпорынның төрт жұмыскерін құттықтады. Оларға қатысты әскери борышын орындаған кезде көрсеткен ерліктері мен төзімділіктері үшін алғыс айтылды.

Интернационалис әскерлер батылдық және қажымас әскери рухымен танымал болды. Антын орындап, өз борышын атқарып, олар терроризм және экстремизм ге қарсы күресті, өз өмірлерін қиып бейбітшілік үшін күресті.

Шара Ауғаныстаннан тірі болып қайтпағандарды еске алу үшін үнсіздік минутынан басталды. 1989 жылдың 15 ақпаны күні КСРО әскерінің соңғы 40-шы бөлімшесі осы республикадан шықты. Кеңестік контингентті Ауғаныстаннан шығару 1988 жылдың 14 мамырынан басталды. Кеңес әскерлері осы елдің аймағында 1979 жылдан 1989 жылға дейін тоғыз жыл, бір ай және он тоғыз күн болды.

Мерекелік астың алдында «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасының Пайдалану жөніндегі орынбасары Жаксылык Сагымбеков сөз сөйледі.

– Қаза болғандардың ерлігінің алдында бас иіп, бізде әскери қимылдың тірі қатысушылары туралы ұмытуға құқығымыз жоқ. Әскери қимылдарға қатысу әрқайсысының өмірі мен мінезінде өз ізін қалдырды. Ауған соғысының қайнаған ортасында және басқа шиеленіс нүктелерінде болғандар, адам өмірінің құндылығын жақсы түсінеді. Біздің кәсіпорында Ауған соғысының қатысушылары жұмыс істейтіні қуантады. Сіздердің барлығыңызөз істерінің нағыз мамандары. Сіздерге көрсеткен ерліктеріңіз, төзімділіктеріңіз және жауапкершіліктеріңіз үшін өзіміздің сый-құрметімізді, қошеметімізді және шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз бүгінгі таңда Қазақстанда тұрақты бекіген бейбітшілік пен тыныштық үшін жасаған ерліктеріңізді білеміз және есте сақтаймыз. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт және амандық,  ашық аспан, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызда сәттілік тілеймін,- деді Жаксылык Сагымбеков.

Құттықтау сөзін «МӨЭК» АҚ Жергілікті кәсіподағы БО кәсіподақ комитетінің Төрағасы Бауыржан Алибеков жалғастырып, әр энергетикке мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Интернационалист әскерлерге Құрмет грамоталары табысталып, материалдық көмек көрсетілді.

Барлығы Акционерлік Қоғамда Ауған соғысының төрт ардагері еңбек етеді. Автокраншы Махмуд Каражанов осындай мамандардың бірі болып табылады. «МӨЭК» АҚ еңбек жолын 2003 жылы бастады.

- 1979 жылы әскерге шақыртылды. Артиллерияда тартқыш жүргізушісі болып істеді. Зеңбіректерді сүйреді. 80 жылдардың аяғында Файзабадқа (Ауғаныстан) баратын жолда жарақат алды. 1981 жылы үйіне оралды. «МӨЭК» АҚ басшылығына біз туралы ұмытпай, әскери қимылдарға қатысушыларға көмек көрсеткендері үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді,- деді Махмуд Каражанов.

«МӨЭК» АҚ энергетиктері жыл сайын тұрмысы нашар отбасыларына, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, ауған әскерилеріне, сонымен қатар энергетикада жұмыс істеген еңбек ардагерлері мен зейнеткерлеріне көмек көрсететіндерін атап айтады.