«МӨЭК» АҚ «ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ОЙНАМАЙДЫ!» АТТЫ СУРЕТТЕР ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

  

Энергетика күні қарсаңында «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мектеп оқушылары арасында электр қауіпсіздігі бойынша «Электр қуатымен ойнамайды!» атты суреттері байқауының өңірлік жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Құрамына «МӨЭК» АҚ энергетиктері мен Маңғыстау облысының білім беру басқармасының мамандары кірген комиссия мүшелеріне оңай болған жоқ. Байқауға жіберілген 50 жұмыстан ең үздік 10 іріктелді. Ең алдымен конкурстық комиссия негізгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстарға назар аударды: тақырыпқа  сәйкестілік, түпнұсқалық, ұқыптылық және эстетика.

Жарысқа облыстың барлық мектептерінің 2-4 сынып оқушылары мен 5-7 сынып оқушылары қатысты. Байқау үш кезеңде өтті.

«МӨЭК» АҚ жұмысының негізгі бағыттарының бірі балар мен жасөспірімдердің арасында электрмен жарақаттанудың алдын алу.

Өткізілетін байқаудың негізгі мақсаты – балалардың, педагогтардың, ата-аналардың электрлік қауіпсіздік тақырыбына, электр көзін дұрыс және сақтықпен қолдануға  назарларын аудару болып табылады. Электржелілік жабдық өмір және денсаулық үшін қауіпті, сондықтан  балалар өз суреттері арқылы айтып берген ережелерді білу және сақтау керек.

- Байқау Энергетика күні мен біздің компаниядағы Еңбекті қорғау жылына арналған. Осылай біз мектеп оқушыларына электр қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйретуге тырысамыз. Себебі өз суретінде бірнәрсені көрсетіп, олар мұны естерінде сақтайды және әртүрлі электрлік құралдарды қолдануда сақ болудың маңыздылығын түсінеді. Байқаудың қатысушылары электр қуаты туралы, энергетиктердің жұмысы туралы өз білімдерімен қуантып, болашақта энергетикалық саланың дамуы туралы қиялдарымен таң қалдырды. Маңғыстау облысының Білім басқармасына осы байқауды өткізуге көрсеткен қолдаулары үшін алғысымды айтқым келеді. Жеңімпаздардың суреттері біздің компанияның стендтеріне ілінеді,- деді «МӨЭК» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Шабай Нуримов.

Арнайы комиссияның шешімімен жүлде ретінде ноутбук қарастырылған бірінші орынды, Жаңаөзеннің №3 мектебінің 3 сынып оқушысы Бақдаулет Есешов алды, ол 2-4 сыныптардағы оқушылардың арасында үздік болды және Ақтаудағы №28 мектептің 6 сынып оқушысы Аружан Клаубаева алды, ол 5-7 сынып оқушылары арасында жеңімпаз болды.

Екінші орынды – Жаңаөзендегі №14 мектептің 2 сынып  оқушысы Ақкенже Жұмабек пен Ақтаудағы №28 мектебінің бесінші сынып оқушысы Айзере Кенен алды. Оқушыларға байқаудағы жеңістері үшін велосипед берілді.

Үшінші орын «Мектеп» Орталығының тәрбиеленушісі Анастасия Скорынкинаға және облыстық мектеп-интернатының жетінші сынып оқушысы Нұртаза Серікке берілді. Баларар сыйлыққа планшет алды.

№22 ақтау мектебінің 2 сынып оқушысы Назерке Нұрсұлтан мен Түпқараған ауданының З.Баймырзаев атындағы бесінші сынып оқушысы Інжу Қалаубекқызы төртінші орындарға ие болды, бұл үшін 20 мың теңге көлемінде ақшалай жүлде қарастырылды.

Бесінші орынды Жаңаөзеннің №10 орта мектебінің оқушысы Ұлпан Сарнияз бен Ақтау қаласының №7 мектебінің алтыншы сынып оқушысы Вероника Шестоперова алды. Жеңімпаздарға стерео-құлаққап табысталды.

«Көрермендер көзайымы жүлдесі» номинациясының жеңімпазы «Мектеп» орталығының тәрбиеленушісі Иван Голубь болды.

Жыл сайын «МӨЭК» мамандары электр қауіпсіздігі мәселелерінде сауаттылық деңгейін көтеріп, мектептерде балалармен жұмыс жасайды. Сонымен қатар,                     қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін және қосалқы станцияларға санкцияланбаған кіруді болдырмау үшін, «МӨЭК» АҚ энергетиктері үнемі электртораптық шаруашылықтың нысандарын қарайды, қоршаулардың бүтіндігін, бекіту құралдарының ақаусыздығын, ескерту белгілерінің болуын тексереді. Жанында мектептер, мектепке дейінгі және әлеуметтік мекемелер орналасқан энергетикалық нысандар ерекше бақылауда болады.