2018 ЖЫЛЫ «МӨЭК» АҚ 14 ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯҒА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

  

Тұтынушыларға электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын көтеру мақсатында «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері жыл сайын өздерінің энергетикалық объектілеріне күрделі жөндеу мен кешенді жаңғырту жүргізеді.

2018 жылы ВЛ 220-0,4 кВ күрделі жөндеудің шеңберінде «МӨЭК» АҚ-ның энергетиктері 551,78 километр электр тасымалдаудың әуе желілерін жөндеді және 14 қосалқы станцияны реконструкциялады.

Ауқымды электр желілік шаруашылық мұқият назарды және тұрақты сапалы кәсіби қызмет көрсетуді, сонымен қатар тұтынушыларға сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жөндеу мен қайта құруды қажет етеді.

2018 жылы «Тиген», «Жармыш», «Кызыл-Туран», «Уштаган», «Шайыр», «Кызан», «Тушыкудук», «Саускан», «Бекет-Ата», «Аккудык», «Акжигит», «Карьерная», «Жетыбай» және «Городская» қосалқы станцияларында ашық және жабық тарату құрылғылары жабдықтарын жаңарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстардың арқасында тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі артты.

- «МӨЭК» АҚ бірнеше жылдар бойы Инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың жоғары көлемін сақтап келеді. Жыл сайын біз Маңғыстау облысының электр желілік кешенін жаңғырту және дамыту бойынша өзіміздің алдымызға күрделі және өршіл мақсат қойып келеміз. Біздің әрбір энергетикалық нысанымыздың тоқтаусыз жұмыс істеуіне  ең алдымен адамдар, денсаулық сақтау және әулеметтік сала нысандары, кәсіпорындары тәуелді. Инвестициялық жобаны іске асыру оларды электрмен жабдықтаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы біздің бірінші кезектегі мақсатымыз – электр желілерінің сенімділігін арттыру және электр энергиясының үздіксіз берілуі болып табылады,- деді «МӨЭК» АҚ Келешекті даму және капиталдық құрылыс басқармасының басшысы Мурат Иманов.

2018 жылы персоналды даярлауға және біліктілігін көтеруге көп көңіл бөлінді. Оқумен «МӨЭК» АҚ-ның тікелей жөндеу жұмыстарымен айналысатын өндірістік қызметтерінің барлық жұмыскерлері қамтылды. Оқыту аяқталғаннан кейін барлық жұмыскерлер аттестатталып, жөндеу жұмыстарына жіберілді. Жөндеу кампаниясында жалпы саны 187 жұмыскер мен 87 бірлік автокөлік, олардың 29 бірлігі арнайы техникадан тұратын 43 бригада іске қосылды.

2019 жылы «МӨЭК» АҚ шаруа қожалықтары үшін Қарақия ауданында электр беріліс жолдарының құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жоспарда Өзен энергиялық тораптың мұнай кәсіпорнындағы ашық тарату құрылғыларын жаңғырту және күштік трансформаторларды ауыстыру бар. Сонымен қатар Маңғыстау ауданы мен Форт-Шевченкодағы қосалқы станцияларындағы жабдықтарды жаңғырту жоспарланған. Сонымен бірге, жылдың аяғына дейін Ақтаудан Қаражанбас мұнай-кен орнына қарай және «Өзен» қосалқы станциясынан «Платоға» дейін трансформаторларды ауыстырумен электр беріліс жолдарының (ЭБЖ-220кВ) құрылысы аяқталады.

«МӨЭК» АҚ-ның энергетиктері жыл сайын Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде қосалқы станциялардағы жабдықтардың тозу деңгейін азайту мақсатында бірқатар нысандар жаңғыртылып жатқанын атап өтті. Барлық жұмыстар жобаға және құрылыстың бекітілген кестесімен қатаң сәйкестікпен жүргізілуде. Жалпы «МӨЭК» АҚ бес мың километрден артық желілерді пайдаланады, кәсіпорын теңгерімінде 57 бірлік қосалқы станция бар.