«МӨЭК» АҚ МАМАНДАРЫ ЭНЕРГЕТИК СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТАДЫ

  

Осы оқу жылында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері алғаш рет жаңа білім алу нысанын меңгере бастады. «Маңғыстау өңірлік электрт ораптық компаниясы» АҚ осы ЖОО-ның «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының филиалы ашылды.

Жоғары курс студенттері бүкіл оқу жылы ішінде дәрістерге ғана барып қоймай, сонымен бірге энергия беретін кәсіпорында тәжірибеден өтеді. Студенттерді оқытумен «МӨЭК» АҚ кәсіби энергетиктері айналысады.

студенты

студенты

Сапалы білім беру жүйесін құру, біліктілікті көтеру және кәсіби кадрларды даярлау «МӨЭК» АҚ басты міндеттерінің бірі болып табылады. Компания мұны Маңғыстау облысы энергетикасының кадрлық әлеуетіне пайдалы инвестициялау деп есептейді.

 - Студенттердің оқу білім беру процесіне кәсіпорынның өндірістік мамандары тартылады. «Электр энергетика» мамандығы студенттері үшін тікелей «МӨЭК» АҚ өндірістік базасында тәжірибелік және зертханалық сабақтар өтеді. Студенттердің ғылыми зерттеу жобаларына ғылыми тәлімгерлікті дамытуды жоспарлаймыз.  Филиалды ашу университет үшін де, біздің компания үшін де пайдалы. ЖОО-ны үшін бұл жетекші өндірістік мамандардан білім алатын және ең заманауи өндірісте тәжірибеден өтетін студенттердің білім алу сапасын арттыруды білдіреді. Ал компания үшін бұл жас біліктілігі жоғары мамандарды дайындау мүмкіндігі, олардың үздіктері біздің компанияға жұмысқа тұруға мүмкіндік алады, - деп атап өтті «МӨЭК» АҚ Релелік қорғаныс және автоматика қызметінің бастығы Максат Алкиев.

студенты

Бүгінгі таңда  студенттер заманауи энергетикалық  жабдық тарының негізгі сипаттамалары мен жұмыс істеу қағидаларын, сонымен  қатар оперативтік және жөндеу персоналының функционалдық міндеттерін үйренеді. Келешекте, студенттер өңірдегі электртораптық шаруашылықтың нысандарын пайдалану және оларға қызмет көрсету процестерімен және электрэнергетикасындағы жаңа технологиялармен таныса алады. Сонымен бірге энергетикалық компанияның қызметімен балалар өте маңызды бөлімшелерде -  Қосалқы станция қызметінде және Релелік қорғаныс және автоматика қызметінде таныса алады. Жеке, бар теориялық білімдеріне байланысты, энергетиктердің тұрақты бақылауымен, олар оны тәжірибе жүзінде қолдана алады.  Осылайша, балаларда білім алу барысында қажетті жұмыс істеу дағдыларын алып, «МӨЭК» АҚ мамандарынан тәжірибе алып, өздерінің болашақ мамандықтарының барлық ерекшеліктерін білуге жақсы мүмкіндіктері пайда болады.

студенты

«МӨЭК» АҚ басшылығы өзінің кадрлық қорын қалыптастыруға байыппен қарайды, себебі сала қызметкерлердің кәсіби деңгейін үнемі көтеруді және жас білікті мамандардың келуін қажет етеді. Қоғам мен өңірдің жетекші ЖОО-ң бірі болып табылатын  университеттің бірлескен жұмысы дәл осыған бағытталған.

16 жыл кәсіпорында істеп келе жатқан Максат Алкиев, балаларға кәсіби білімдерден басқа, болашақ энергетиктер үшін қажетті жеке қасиеттер туралы айтып берді. Бұл жауапкершілік, зейінділік, үнемі жетілу ниеті.

студенты

- Біздің міндетіміз – студент бірнеше жылдан кейін біздің жұмысқа саналы түрде, оны не күтіп тұрғанын біліп келуі үшін оған мамандық туралы барлығын айтып беру болып табылады. Біз ең алдымен болашақ мамандарды сапалы даярлауға мүдделіміз, себебі олардың ең үздіктері бізге жұмыс істеуге келеді. Олар – біздің кадрлық қор,- деп атап өтті  Максат Алкиев.

Студенттердің айтуынша, «МӨЭК» АҚ кәсіпорнында білім алу, олардың өз өмірлерін энергетикамен байланыстыруға шешімдерін нығайта түсті.

студенты

- Осылай оқу қызықты және танымды. Алған білімдерді осында тәжірибе жүзінде бекітуге болады. Энергетиканы, бұл салада сенімді, жауапты адамдар жұмыс істеуіне байланысты, сонымен қатар бұл шынымен өте маңызды және әрқашан өзекті болатын қажетті мамандық болғандықтан таңдадым,- деп атап өтті «Электрэнергетикасы» тобының 3 курс студенті Сулиман Оразбаев.

студенты

студенты

2018 жылдың наурызында Маңғыстау облысында электр энергиясын беру және тарату бойынша қызмет көрсету нарығында басым тұрған «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің арасында Ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Стратегиялық құжатқа «МӨЭК» АҚ Басқармасының Төрағасы Салтанат Игисинова мен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ректоры Берик Ахметов қол қойды. Тараптар жас мамандар үшін мүмкіндіктерді кеңейту және энергетикалық саладағы кадрлық әлеуетті көтеру  мақсатында өзара әрекеттестік туралы келісті.