Жақында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Өнеркәсіптегі сандық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл шараға «МӨЭК» АҚ Басқармасы Төрағасының Пайдалану жөніндегі орынбасары Жаксылык Сагымбеков, Келешекті даму және күрделі құрылыс басқармасының басшысы Мурат Иманов және Байланыс және диспетчерлік технологиялық басқару қызметінің бастығы Батыржан Жанибеков қатысты.
Конференция шеңберінде келесі бағыттар бойынша мәселелер талқыланды: мұнай-газ және машина құрылысы саласындағы заманауи проблемалар; өнеркәсіптегі ақпараттық технологиялар дамуының заманауи үрдістері; цифрландырудың экономикалық-құқықтық аспектілері; білім беруді цифрландыру жағдайындағы педагогтық өлшемдер.
Конференцияның негізгі мақсаты конструктивтік талқылау және ақпаратпен еркін алмасу, сандық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесін тарату және халық шаруашылығы және заманауи білім беру саласындағы өнеркәсіпке жаңалықтарды енгізу болып табылады.
Бүгінгі таңда сандық экономика кез келген ел үшін артықшылығы бар бағыт болып табылады. Цифрландыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары құрылады, құқықтық реттеу және қауіпсіздік мәселелері талқыланады, сандық сауаттылық индексі арқылы заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру деңгейі бағаланады. Сандық экономика тіршіліктің барлық салаларын қамтиды және осы сала дұрыс және заманауи дамыған кезде, Үкіметке, қоғамға, азаматтарға, бизнеске өте үлкен артықшылық беруге қабілетті. Сандық экономика құралдарын қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша өндіріске енгізілуде, көптеген қызметтерді үйден шықпай алуға болады, делдалдардың тізімі қысқарып, әртүрлі деректер құнды ресурстар болады.
«Сандық энергетика: «Ақылды желілер-Smart Grid» тақырыбындағы баяндамасымен «МӨЭК» АҚ Байланыс және диспетчерлік технологиялық басқару қызметінің бастығы Батыржан Жанибеков конференцияда сөз сөйледі.
Smart Grid ағылшын сөз тіркесі «электрмен жабдықтаудың ақылды желілері» деп сөзбе сөз аударылады. Мұндай желілерді өндіріс және электр энергиясын тұтыну туралы деректерді жинау мақсатында қолданады. Осы ресурс туралы мұндай ақпаратты алу тиімділікті, сенімділікті және қаржылық пайданы автоматты түрде көтеру мүмкіндігін береді.
- Бүгінгі қоғам көп жағдайда электр энергиясына тәуелді, және бұл тәуелділікті энергиясын қолданудың дәстүрлі әдістерінің тиімділігінің төмендігі күшейтеді. Адамдар тиімді және арзан энергия көздерін іздейді. Заманауи электр энергиясының өзекті проблемаларының бірі — сенімді, үнемді, тиімді және экологиялық электрлік желілерін қамтамасыз ету болып табылады. «МӨЭК» АҚ кернеуі 6-10-35кВ болатын автоматты реклоуздерде монтаждалған Smart Grid элементтерін сатылай енгізуді іске асырады. Реклоузерлер диспетчерлік басқару және деректерді жинаудың жалпы жүйесіне енгізілуі мүмкін (SCADA), қашықтықтан басқарылып, диспетчерлік басқару пультіне өлшеудің ағымдағы мәндері, аппараттардың күйі және апаттық сөну себептері туралы ақпаратты убере алады және оперативтік журналдарды жүргізе алады. Реклоузерлер адамның қатысуысыз бірнеше секундта ақаулы учаскіні көруге және электрмен жабдықтаудың үзілісін азайтуға мүмкіндік береді, мұнымен тұтынушыларды сөндірумен байланысты залалды азайтуға мүмкіндік береді. Реклоузерлердің ерекшелігі диспетчерлік басқарудың жалпы жүйесіне қосылу мүмкіндігіне және бүкіл электрлік желіні көру мүмкіндігіне негізделеді, - деді Батыржан Жанибеков.
Бұл конференцияға Ш.Есенов атындағы университеттің доценттері мен оқытушылары, Черноризц Храбр атындағы Варненск еркін университетінің профессорлары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, тәуелсіз сараптамалық-консалтингтік фирманың өкілдері және басқа сарапшылар қатысты. Конференцияның материалдары студенттер үшін ғылыми жұмыстардың жинағы ретінде рәсімделеді.
2018 жылдың наурыз айында, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің арасында Ынтымақтастық туралы Меморандум жасалғанын айта кетейік.
Стратегиялық құжатқа «МӨЭК» АҚ Басқармасының Төрағасы Салтанат Игисинова мен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ректоры Берик Ахметов қол қойды. Тараптар жас мамандар үшін мүмкіндіктерді кеңейту және энергетикалық саладағы кадрлық әлеуетті көтеру мақсатында өзара әрекеттестік туралы келісті.
Сонымен қатар, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының филиалы ашылды. Жыл сайын жоғары курс студенттері бүкіл оқу жылы ішінде өңірдің жетекші энергия беретін кәсіпорнында тәжірибеден өтеді. Студенттерді оқытумен «МӨЭК» АҚ кәсіби энергетиктері айналысады.