«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Саланың мамандары халықты электр энергиясымен қамтамасыз етіп, үнемі ең маңызды межеде тұрады. «МӨЭК» АҚ мамандарының табысты жұмысына көбінесе өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі байланысты.
Энергетика күнінің қарсаңында «МӨЭК» АҚ қызметкерлерді марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. «МӨЭК» АҚ 50-ден аса қызметкерлеріне Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығынан, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС, KAZENERGY қауымдастығынан, сонымен қатар Маңғыстау облысының Энергетика басқармасының атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
Энергетиканың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы «МӨЭК» АҚ Басқармасы Төрағасының даму және қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Галымжан Калымович Рахимжановқа берілді. Галымжан Калымович – өз ісіне адалдықтың үлгісі, өзінің энергетик ретіндегі еңбек жолын ол 20 жыл бұрын бастады. Жоғары білікті маман, өз ісінің білгірі бола тұра, ол өңірді электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету ісіне үлкен үлес қосты. Бүгінгі таңда Галымжан Калымович Рахимжанов өңірдің алдыңғы қатарлы энергетиктерінің бірі болып табылады.
- Мен меніж жұмысым мен жетістіктерімді осылай жоғары бағалағандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Мен әрі қарай өңірдің энгергетикасы үшін еңбек етуге бар күшімді салуға және оның дамуы үшін барлығын істеуге сөз беремін,- деді Галымжан Калымович Рахимжанов.
Бұл күні энергетикалық саланың басқа жұмыскерлерін де марапаттар күтті. «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі» жоғары атағы Сарыкбай Карабалаевич Амановқа берілді. «МӨЭК» АҚ өз еңбек жолын 2002 жылы бастады, жетекші маманнан басқарушы лауазымға дейін ұзақ өндірістік жолдан өтті. Қазіргі уақытта энергетик «МӨЭК» АҚ жоғары вольтті желілері қызметінің бастығы жауапты қызметін атқарады. «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының құрметті энергетигі» атағын «МӨЭК» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Шабай Нуримов алды.
Ұзақ және адал қызметі үшін «Энергетика ардагері» құрметті атағын «МӨЭК» АҚ Техникалық бақылау қызметінің бастығы Яхья Тастемиров марапатталды. Өзінің еңбек жолын ол қатардағы маман лауазымынан 40 жыл бұрын бастады. Энергетик бүкіл өмірін салаға арнады, өз мамандығын ол ықыластық деп атайды.
Электржелілік шаруашылықтың сақтаушыларына Маңғыстау облысының энергетика басқармасы мен өңірдің әкімшілігі алғысын білдірді.
- ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАНЫҢ СӨЗДЕРІ.
«МӨЭК» АҚ көп жылдық даму тарихы өз бастауын 1966 жылдан алады, ол кезде «Казахстаннефть» бірлестігінің құрамында электрлік желілерінің Маңғышлақ кәсіпорны түзілді. Міне жарты ғасырдай компания Қазақстанның батыс өңірінің әлеуметтік маңызы бар кәсіпорны болып табылады. Маңғыстау облысында «МӨЭК» АҚ «МАЭК-Казатомпром» ЖШС өндірілетін электр энергиясын беру және тарату қызметтерін көрсетеді. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен Маңғыстау облысын электрлендіру бойынша бағаланбас жұмыс жүргізілді. Бүгін өңір картасында электр желілері салынбаған ешбір, тіпті шағын елді мекен жоқ.