«МӨЭК» АҚ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

  

 

Жақында «МӨЭК» АҚ қызметкерлері «Мүгедек балаларды қолдау қоры» корпоративтік қорына қайырымдылық көмек көрсетті. Электртораптық  компанияның ұжымымен жиналған ақшалай қаражатына 10 жасар мүгедек бала Фатима Саламановаға «Бомбина» жабдығы сатып алынды. Бұл жабдық тұруға арналған тірек-вертикализатор болып табылады  - бұл баланы тігінен тұру дағдысына үйрететін құрал. Тірек негізгі тұрмыстық дағдыларды дамытуға, ойынға түрткі болуға, оның физикалық және ақыл-ойының дамуын ынталандыруға, оның қоғамда бейімделуіне мүмкіндік береді. Кешенді сауықтыру процесінде балалардың позициялық терапиясы (қалпымен емдеу) үшін арналған.

Фатима Салманованың диагнозы: ауыр дәрежелі БЦС, ауыр дәрежелі түйілмелі тетрапарез. Мұндай ауыр диагноздарға қарамастан, ата-анасы еңсесін түсірмейді және оның жағдайын қалай да жақсартып, тіршілік етудің негізгі машықтарына дағдыландыруға үмітін үзбейді.

Ұжымның атынан ақшаны «МӨЭК» АҚ жергілікті кәсіподағы» БҚ кәсіподақ комитетінің Төрағасы Бауыржан Алибеков табыстады.

- «МӨЭК» АҚ мұқтаж жандарға және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына көмек, қолдау көрсетуге тырысады. Ерікті негізде, жұмыскерлердің жеке қаражатының есебінен, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларға үнемі көмекке келеміз. Біз, мұқтаж жандарға рақымдылық, мейірімділік,қолдан келерлік көмек көрсету -  бұл барлық уақытта өзекті болатын негіз құратын құндылықтар болы қалатынына сенімдіміз, - дейді Бауыржан Алибеков.

«Мүгедек балаларды қолдау қоры» корпоративтік қорының басшылығы ауыр науқас баланың өміріне қатысқаны және жабдықты сатып алуға көрсеткен көмектері үшін шынайы алғысын және шексіз ризашылығын білдірді.

- Отбасы қазір өте ауыр қаржылық жағдайда. Өздерінің баспанасы жоқ, мүгедектік бойынша жәрдемақыға өмір сүреді, оның жартысы Фатиманы сауықтыруға кетеді. Ата-аналары баланың тік тұруына бейімдеуге бағытталған тірек-вертикализаторын өздері сатып ала алмайды. Біз, «МӨЭК» АҚ біздің көмек сұрап жазған хатымызға жауап бергеніне өте қуаныштымыз. «МӨЭК» АҚ ұжымына қаржылық қолдаулары және мүгедек балалардың  тағдырына қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз. «МӨЭК» АҚ-да қаншама бей-жай емес адамдардың жұмыс істейтіні, олардың мүгедек балалардың өмірін адалдықпен жеңілдеткілері келетіні таң қалдырады. Компаниямен берілген ақшаға біз осы жабдықты сатып алып, Фатима Салманованың отбасына береміз, - деп атап өтті «Мүгедек балаларды қолдау қоры» корпоративтік қорының директоры Динара Чуреева.

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ  - өңірде электр энергиясын беру және тарату бойынша ең ірі оператор. «МӨЭК» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясын тұтынудың негізгі көлемі, өңірдің мұнай-газ секторының нысандарына келеді. 52 жылдың ішінде кәсіпорынның еңбек ұжымымен Маңғыстау облысының кешенді электрлендіруі бойынша ауқымды жұмыс жасалды.