«МӨЭК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ САЛТАНАТ ИГИСИНОВА «МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 

Өткен жұмада, 19 сәуірде Республиканың энергетика саласына 20-дан аса жылын берген «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Салтанат Игисинова,  «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағының Құрметті Азаматы» орденімен марапатталды.

Салтанат Игисинова Қоғамдық марапаттар мен атақтар бойынша халықаралық комитетімен номинацияланды. «МӨЭК» АҚ басшысы марапатты кәсіби қызметіндегі жоғары нәтижелері үшін және Еуразиялық Экономикалық Одақтың мүшесі – Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлкен жеке үлесі үшін алды.

«Мемлекеттердің Еуразиялық Одағының Құрметті Азаматы» ордені қоғамдық марапат болып табылады және еңбек қызметінде елеулі еңбегі, жетістіктері мен қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени дамуындағы табыстары мен жетістіктер, жұмыс тиімділігі мен сапасын көтеру, ЕАЭО мүше мемлекеттердің күшін нығайту, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілікті нығайту және Мемлекет және қоғам алдында елеулі еңбектері үшін марапаттау үшін құрылған.

Орденмен марапатталады: Ресей, Қазақстан, Белорусия, Армения, Қырғызстан және Тәжікістан азаматтары.

Салтанат Игисинова – энергетикалық салаға адалдықтың үлгісі. Салтанат Жаналыковнада өзінің белсенді позициясы, мінсіз беделі мен үздік кәсіби жетістіктерге ие. Салтанат Жаналыковна өңірді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және нығайту ісіне ауқымды үлес қосты.

Бүгінгі таңда Салтанат Игисинова өңірдің алдыңғы қатардағы энергетиктерінің бірі болып табылады, Маңығстау обылысының электр энергиясын беруге және таратуға  бағытталған ең ірі компанияны басқарады. «МӨЭК» АҚ – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының құрылымындағы әйел басқарып отырған жалғыз компания. 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы Салтанат Игисинова мұнай-газ және энергетикалық кешендері ұйымдарының Қазақстандық қауымдастығы KAZENERGY медаль алғанын айта кетейік.

 

KAZENERGY Қауымдастығы Төрағасы Тимура Кулибаевтың атынан «МӨЭК» АҚ басшысы Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетикалық кешенін дамытуда еңбек және кәсіби қызметі үшін қадірлеу және көтермелеу белгісі ретінде алды.