Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы Салтанат Игисинова мұнай-газ және энергетикалық кешендері ұйымдарының Қазақстандық қауымдастығы KAZENERGY медальға ие болды.
KAZENERGY Қауымдастығы Төрағасы Тимура Кулибаевтың атынан «МӨЭК» АҚ басшысы Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетикалық кешенін дамытуда еңбек және кәсіби қызметі үшін қадірлеу және көтермелеу белгісі ретінде алды.
Салтанат Игисинова – энергетикалық салаға адалдықтың үлгісі, өз еңбек жолын ол 20 жыл бұрын бастады. Салтанат Жаналыковнада өзінің белсенді позициясы, мінсіз беделі мен үздік кәсіби жетістіктерге ие. Салтанат Жаналыковна өңірді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және нығайту ісіне ауқымды үлес қосты.
Бүгінгі таңда Салтанат Игисинова өңірдің алдыңғы қатардағы энергетиктерінің бірі болып табылады, Маңығстау обылысының электр энергиясын беруге және таратуға бағытталған ең ірі компанияны басқарады. «МӨЭК» АҚ – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының құрылымындағы әйел басқарып отырған жалғыз компания.
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниялары» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясын тұтынудың негізгі көлемі өңірдің мұнай-газ секторының нысандарына келеді, облыс ауылдарына да көп көңіл бөлінеді. Компанияда жыл сайын, инвестициялық бағдарламаның шеңберінде қосалқы станциялардағы жабдықтардың тозу деңгейін азайту үшін бірқатар нысандар жаңартылады. Барлық жұмыстар жобамен және құрылыстың бекітілген кестесімен қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Жалпы «МӨЭК» АҚ бес мың километрден аса желілерді пайдаланады, теңгерімінде 57 бірлік қосалқы станция бар.
«МӨЭК» АҚ Басқармасының Төрағасы Салтанат Игисинова бірнеше рет әртүрлі мемлекеттік және салалық марапаттармен мадақталды. 2012 жылы отандық энергетиканың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Салтанат Жаналыковнаға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы берілді. 2017 жылы «МӨЭК» АҚ басшысы «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағына ие болды.