ОНЫҢ ЕСІМІ - НАУРЫЗ

 

 

Көптеген ғасырлар бойы адамдар, туған кезде оған берілген  адамның есімі бүкіл өміріне өз белгісін қалдыратынына және тіпті тағдырын алдын ала болжайтынына сенеді. Барлық ата-аналар баланың есімі келешекте сәттілік пен бақыт әкелсін деп, оның атын соншалықты мұқият таңдауы бекер емес.

Еліміздің басты ұлттық мерекесі - Наурыз мейрамы қарсаңында біз «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ мамандарының бірі туралы әңгімелейтін боламыз, оның ата-аналары оны мереке құрметіне атын қойды. Және олар қателеспеген. Өйткені Наурыз - бұл көктемнің салтанатын, Жердегі барлық тірі жандылардың оянуын, табиғаттың бастамасын бейнелейтін мейрам.

Дарьяшов Наурыз Абдурахманұлы 1989 жылы 14 сәуірде Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында дүниеге келген. Оның айтуынша, көктемнің келуімен, ата-анасы оны Наурыз мейрамының құрметіне атауды ұйғарды. Кішкентай Наурыз бала кезінен ақ пейілді, білімқұмар болып өсті, қажет болған жағдайда жақындарына және достарына әрдайым көмектесуге дайын болған, ешкімнен бас тартпады.

Шығыс күнтізбесіне сәйкес, Наурыз - жаңа жылдың басы, күн мен түннің теңелуімен сәйкес келеді. Қазақстандықтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың нышаны, махаббат, құнарлылық пен достықтың салтанаты. Наурыз Дарьяшов энергетикалық мамандықта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта маман қосалқы станцияның мастері қызметін атқарады. Наурыз Абдурахманұлының жұмыс орны Маңғыстау облысының Сай-Утес кентінде орналасқан.

-Ата-анам менің есімімді қоярда ұзақ ойланбай, осы үлкен мейрамның құрметіне атағандарын айтатын. Менің есімім кез-келген жағдайда сәттілік пен жетістік әкелетініне сенімдімін. Мен осы салаға 35 жылдан астам уақытын арнаған әкемнің ізімен энергетикаға баруға бел байладым », - дейді Наурыз Абдурахманұлы.

2007 жылы Наурыз Дарьяшов Бейнеу политехникалық колледжін "Өлшеуіш-бақылау құралдары және автоматика" мамандығы бойынша бітірген.

Наурыз Абдурахманұлының еңбек жолы электромонтерден Бейнеу аудандық электр станциясындағы "Сай-Утес" қосалқы станциясының маманына дейін болған.

2008 жылы жас дипломды маман «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның («МЭБК» АҚ) Бейнеу аудандық электр станциясы қосалқы станциясына электромонтер маманы болып жұмысқа қабылданды. «МЭБК» АҚ-да бес жыл жұмыс істегеннен кейін Наурыз Абдурахманұлы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на электромонтер болып жұмысқа ауысты. 2015 жылы Наурыз Дарьяшов қайта «МЭБК» АҚ Бейнеу АЭТ қосалқы станциясына ІІІ-санаттағы электромонтер ретінде оралды.

2 жыл өткеннен кейін, жұмысына жақсы білімін, адал ниетін көрсеткен Наурыз Дарьяшов Бейнеу аудандық электр станциясының "Сай-Утес" қосалқы станциясының маманы болып тағайындалып, ол жерде қазіргі күнге дейін жұмыс жасайды. Наурыз Абдурахманұлы алған білімдерімен тоқталып қалмауына шешім қабылдады. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау энергетикалық колледжінде сырттай бөлімде "Электр станциялары мен желілердің электржабдығы" мамандығы бойынша оқып жатыр.

2018 жылы Сай-Утес ауылдық округінің әкімі атынан елді-мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Ол өзінің сүйікті жұмысымен қатар, берік және тату отбасына ие - Наурыз Дарьяшов әйелімен бірге екі баланы тәрбиелеуде.

- Мейрам қарсаңында барлық Қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Наурыз көптеген ұрпақтар дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Біз жарқын өткен өмірді есімізге алып, қазіргі сәтті бағалаймыз және лайықты болашаққа ұмтыламыз. Бұл керемет мереке қарсаңында, адамдар бір-бірінің өкпе-реніштерін кешіріп, қарым-қатынастар күшейе түседі. Бұл табиғаттың жаңару уақыты. Барлығына сәттілік пен жаңа жетістіктер тілеймін », - деді Наурыз Дарьяшов.

«МЭБК» АҚ басшылығы өз қызметкерлерін мақтан тұтады және әрқайсысын бағалайды. Кадрлық саясатты жүзеге асыруда, бірінші кезекте, кәсіптік білім, құзыреттілік, маман ретінде дамуына және жетілуіне ұмтылуы ескеріледі. Компанияның еңбек ұжымымен Маңғыстау облысының кешенді электрлендіруі үшін өте құнды жұмыс жасалды. Бүгінгі күні «МЭБК» АҚ желілері арқылы тасымалданатын электр энергиясының ең көп үлесі аймақтағы қызметін атқаратын ірі өндіруші компанияларымен тұтынылады.