"МӨЭК" АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРГЕ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты "МӨЭК" АҚ қызметкерлері қаржылай көмек көрсетті. Осындай күрделі кезеңде кәсіпорын энергетиктері бірігіп, көмек көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті.

Жиналған қаражат өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Қайырымдылық KZ" Бірыңғай қоғамдық қорына аударылды.

- Қостанай облысы Әулиекөл ауданының өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындары қазір өте қиын кезеңді бастан кешуде. Қиындық күтпеген жерден пайда болды, бірақ ол ешкімді бей-жай қалдырмады. Біздің ұжым зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін тағы бір рет жиналды. Біз мұны өзіміздің азаматтық борышымыз деп санаймыз, - деп атап өтті "МӨЭК" АҚ энергетиктері.