Жақында «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Өздерінің демалыс күнін энергетиктер сүйікті қалалары Ақтауға арнады. Сенбілік күні таңертең «МӨЭК» АҚ мамандары аумақты жинауға және тазалауға кірісті. Қажетті құрал-жабдықтарды – тырмаларды, күректерді, қоқысқа арналған қаптарды және сыпырғыштарды алып, энергетиктер энергетикалық компанияның аумағын ғана ретке келтіріп қоймай, жанасқан жалпы қалалық аумақты да тазартты, оны қоқыстан, құрғақ ағаштардан және бұталардан тазартты. Сонымен қатар ағаштар қазылып, эстетикалық келбеті үшін қоршаулар боялды. Энергетиктер сенбілікке өте жақсы көңіл күймен және күліммен шықты.
Қаланы тазалау және көркейту – бұл «МӨЭК» АҚ жұмыскерлерінің игі дәстүрі. Олардың ойынша, мұндай акциялар үлкен және тату ұжымның корпоративтік рухын көтереді. Әркімнің басты міндеті қала таза және жайлы болуына күш салу.
- Мұндай шаралар бізге энергетиктерге және көптеген қала тұрғындарына табиғатты аялауға, оң эмоция алуға, әлемді тазарақ және жарық етуге мүмкіндік беретіні қуантатынына сенімді, - ынтымақты сенбіліктің қатысушылары.
Акцияға бөлімшелердің басшылары да қатысты: компанияның бас инженерінен бөлім және Басқарма басшыларына дейін.
- Энергетиктер – жауапты халық, біз қаланы ұқыпты және таза ету үшін жыл сайын жалпы қалалық сенбіліктерге белсенді қатысамыз. Жанасып жатқан аймақты жинауға жауапкершілікпен қарап, біз қаланың көркеюіне өз үлесімізді қосамыз. Қаладағы тазалық - бұл біздің бетіміз, біздің жанымыздың және біздің ойымыздың тазалығының көрінісі, – деп атап өтті «МӨЭК» АҚ пайдалану жө ніндегі Басқармасы Төрағасының орынбасары Жаксылык Сагымбеков.
Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды оңтайлы қолдану және қалпына келтіру «МӨЭК» АҚ негізгі артықшылықтарының бірі болып табылады. Энергетиктер өз нысандарында экологиялық талаптарды ғана сақтап қоймай, қаланы көркейтуге белсене қатысады.
«МӨЭК» АҚ энергетиктері жүйелі негізде осындай қоғамдық маңызы бар шараларға қатысады.