Жуырда Ақтауда «Еңбек Жолы» облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. «Үздік еңбек әулеті» номинациясында құрметті үшінші орынды Амановтар жанұясы иеленді. «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ-ғы Амановтар жанұясының жалпы еңбек өтілі 25 жылды құрайды.
«Еңбек жолы» өңірлік конурсы жыл сайын Маңғыстау облысының Мемлекеттік еңбек инпекциясы басқармасымен жүргізіледі. Ол үздік еңбек әулеттерін және өндіріс жұмыскерлерін анықтауға, еңбекке құрметпен қарау рухында жастарды тәрбиелеудің маңыздылығын көрсетуге, еңбек дәстүрлерін ақтауға және молайтуға мүмкіндік береді. Конкурс қоғамда еңбек адамының мәртебесін жоғарылатуға және еңбек өнімділігін ынталандыруға жағдай жасау үшін арналған. Конкурс үш номинацияда өтті: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас жұмыскері» және «Жұмыс жасайтын жастардың үздік тәлімгері».
Еңбек әулеттері бүгінгі күні энергетика мамандығы беделінің, ұжым бірлігінің және кәсіпорынның әлеуметтік тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады.
«Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ-да берік еңбек әулеттерінің болуы ұрпақтардың сабақтастығын көрсетеді, осы ретте тәжірибелі энергетиктер өзінің көпжылдық тәжірибесін және білімдерін жас мамандарға табыстайды.
Әулеттің отағасысы Сарыкбай Карабалаевич Аманов 2002 жылы «МӨЭК» АҚ-да өзінің еңбек қызметін бастады, жетекші маманнан басқарушы лауазымға дейінгі үлкен өндірістік жолды жүріп өтті. Осы уақытта энергетик «МӨЭК» АҚ Жоғары вольтті тораптар қызметінің бастығы ретіндегі жауапты лауазымды атқарып жатыр.
Сарыкбай Аманов әріптестердің құрметіне ие болды, әріптестер оны өзінің мамандығын шын жақсы көретін тәжірибелі және жауапты жетекші ретінде сипаттайды. Өзінің еңбегімен және функционалдық міндеттерді орындауға қатысты адал қатынаспен жас мамандар және әріптестер үшін үлгі болды. Ұжымда зор беделге ие. «МӨЭК» АҚ-да өзінің еңбек қызметінде Сарыкбай Карабалаевич энергетикалық жабдықтардың тиімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Өзін ең үдемелі жұмыс әдістерін қолдануға қабілетті, жоғары білікті, сауатты маман ретінде көрсетті.
Кәсіби қасиеттері және энергетика қосқан үлесі үшін Сарыкбай Аманов бірнеше мәрте салалық марапаттарға ие болды.
Сарыкбай Карабалаевичтің ұлы Талғат энергетик мамандығын таңдап, әкесінің жолын қуды. Қазіргі уақытта Бейнеу АЭТ жедел-шығу бригадасының электрмонтері болып еңбектенуде.
«МӨЭК» АҚ-да жұмыс жасаған уақытта Талғат Аманов өзін кәсіби және жауапты қызмет ретінде көрсетті. Сәйкес оқиғаларда шешімдерді өздігінен қабылдауға және өзінің қызметінің нәтижесі үшін жауапты болуға қабілетті.
- Біз үшін осындай маңызды облыстық конкурста біздің компанияға өкілдік ету ерекше құрмет - деді «МӨЭК» АҚ. Отбасы – бұл, өмірді қоспағанда, адамдағы ең бағалы құндылық. Жылдар бойы жинақтаған атымызды, біздің еңбек беделімізді түсіріп алмауға тырысамыз, әрқашан адал жұмыс жасаймыз. Осындай жоғары дәрежелі конкуста көшбасшылар үштігіне кіргенімізге өте қуаныштымыз. Осындай лайықты және үлгілі жанұялар біздің елде барынша көп болсын, - деп, атап өтті Талғат Аманов.