Жыл сайын «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ электр қауіпсіздігі мәселесінде сауаттылық деңгейін көтеріп, мектептерде балалар және жасөспірімдермен жұмыс жүргізеді. Электрмен жарақаттанудың алдын алу «МӨЭК» АҚ қызметінің артықшылық берілген бағыттарының бірі болып табылады.
Тек 2009 жылдың басынан бастап энергетиктермен Маңғыстау облысының барлық аудандарындағы жалпы білім беру мекемелерінде 30-дан аса сабақ жүргізілді.
Энергетиктер оқушыларға электрлік аспаптарды қолдану ережелері, сонымен қатар далада орналасқан энергетикалық нысандар туралы айтып берді. Балалар барынша пайдалы ақпаратты біліп, электр қауіпсіздігін сақтау бойынша негізді құрайтын ережелерді меңгерді.
«МӨЭК» АҚ мамандары балалардың ата-аналары мен педагогтардан балалар мен жасөспірімдердің арасындағы электрмен жарақаттану жағдайларының алдын алу бойынша жұмыстарында қолдауларын, оларға үнемі элект көзінің қауіптілігі мен энергетикалық нысандардың жанында әрекет ету ережелері туралы үнемі еске салуларын сұрайды.
«МӨЭК» АҚ энергетиктері қосалқы станциялар мен басқа қауіпті энергетикалық нысандардың жанында әрекет ету ережелеріне ерекше көңіл бөледі.
Оқушыларға, трансформаторлық станциялар жабдықталған қауіптілік туралы ескертулерге назар аударудың маңыздылығы және үзілген ЭБЖ сымының жанындағы әрекеттері туралы айтылды. Электр көзін көруге, ұстауға немесе оның иісін сезуге болмайды, сондықтан энергетиктердің басты қаруы – бұл сөз. Оқушылар үшін дәрістік сабақтар жазғы демалыстарға дейін өтеді. «МӨЭК» АҚ мамандары атап өткендей, осы кезеңде балалар үйінде жиі жалғыз қалады.
- Себебі балалар қауіптілік туралы уақытылы ескертілсе, біреуді ойластырылмаған әрекеттерден тоқтату мүмкіндігі әлдеқайда көбірек болады. Бұл білімдер балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетініне күмәнданбаймын. Әдеттегідей, балалар электрлік жабдықтың қауіптілігін түсінбейді, сондықтан энергетиктер мен ата-аналардың бірлескен күштері қажет,- дейді «МӨЭК» АҚ мамандары.
Сонымен қатар, қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін және қосалқы станцияларға санкцияланбаған кірудің алдын алу үшін, «МӨЭК» АҚ энергетиктері ұдайы электртораптық шаруашылықтың нысандарын қарайды, қоршаулардың бүтіндігін, ілу құралдарының ақаусыздығын, ескерту белгілерінің болуын тексереді. Жанында мектептер, мектепке дейінгі және әлеуметтік мекемелер орналасқан энергетикалық нысандар ерекше бақылауда болады.
«МӨЭК» АҚ ата-аналарды жазғы демалыс кезеңінде балаларды қадағалауға, ал ақаулы электр беріліс желілерін немесе ашық энергетикалық нысандарын анықтаған жағдайда, «Жедел желі»: 8 (777) 057 00 02 нөміріне хабарлауға шақырады. Тиісті сигнал алған кезде, «МӨЭК» АҚ мамандарымен осы ақауларды жою бойынша шаралар қолданылады.