«МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ БІРІНШІ МАМЫР ШЕРУІНЕ ҚАТЫСТЫ

1 мамыр күні Маңғыстау облысының облыс орталығында Қазақстан халқының  бірлігі күніне арналған мерекелік шеру өтті.

5 мыңнан аса адам, соның ішінде 30 ұжым Ақтаудағы 15-ші шағын аудандағы жағалау бойымен өтті. Шеруге әртістер, коммуналдық, мұнай-газ өндіретін саланың және көптеген басқа кәсіпорындардың жұмыскерлері, спортшылар, студенттер мен оқушылар, этномәдени бірлестіктердің және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Мерекелік лек жағалау бойында бірнеше километрге созылды. 

1 мамырға арналған мерекелік шеруде «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» энергия беретін компаниясынан 100 адам қатысты. «МӨЭК» АҚ қызметкерлері бүкіл бағыт бойынша мерекелік транспаранттармен және шарлармен өтті. «МӨЭК» АҚ жұмыскерлері легінің алдында компанияның логотипі бар кәсіпорынның арнайы автомобилі жүріп отырды.

- Бұл қоғамда бейбітшілік пен келісімді білдіретін, қазақстандықтардың сүйікті мерекесі. Барлығына ұзақ өмір, бақыт, бейбітшілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бейбітшілік, келісім және бірлік – біздің еліміздің ең маңызды байлығы. Балалар үшін үлгі болып, олардың бойына сіңдіріп, осы құндылықтарды сақтау, құрметтеу қажет. Біздің еліміз берік ауызбірлігімен әйгілі және Қазақстан халқының бірлігі күні мұны айқындай түседі, - атап өтті энергетиктер.