«МӨЭК» АҚ ЕСКЕРТЕДІ: ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАРДАН ЭЛЕКТРЛІК ЖАБДЫҚТАРДЫ ҰРЛАУ ӨМІР ҮШІН ҚАУІПТІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАНАДЫ

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мамандарымен электр жабдықтарын ұрлаудың алдын алу, сонымен қатар энергетикалық нысандарды қылмыстық қастандықтан қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.

Өткізілетін шаралар белгілі нәтиже әкеледі, алайда  ұрлау деректерін әлі толық жоққа шығару болмайды.  Осы уақытқа дейін жеңіл табыс үшін адал тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қауіп төндіретін қаскүнемдер табылады.

Мысалы, ағымдағы жылдың сәуірінде Сенек ауылы ауданында «Түйесу» қосалқы станциясында КТПН №6 трансформаторын қасақана бұзу дерегі анықталды, одан электр қондырғысының негізгі торабы болып табылатын түсті металдан жасалған мыс орам ұрланды.

«МӨЭК» АҚ Жеке қауіпсіздік қызметінің бастығы Марат Айбергенов, бұл осы жылы ұрлықтың бірінші жағдайы екенін хабарлады. Өткен жылы кәсіпорын мүлкін ұрлаудың және бұзудың бес дерегі айқындалды. Барлық деректер бойынша жиналған материалдар облыстың ішкі істер органдарына бағытталды.

2018 жылдан осы күнге дейін компанияға келтірілген шығын 300 мың теңгеден асты. Құқық қорғаушылар тексеру жүргізді.
«МӨЭК» АҚ энергетиктері электрлік қосалқы станциялардан, ЭБЖ бағандарынан және басқа энергетикалық нысандардан кез келген жабдықтарды ұрлау қылмыстыққа дейін жауапкершілікке әкеліп қана қоймай, сонымен бірге өмір үшін қауіпті болып табылады. Жоғары кернеудегі электр жабдықтарының жұмысына кез келген араласулар өмір және денсаулық үшін аса қауіпті. Электр желілік кешен нысандарындағы жабдықтар мен материалдарды ұрлау әрекеттері — бөгде тұлғалардың электрмен жарақаттануының негізгі себебі.
Энергетиктер электр жабдықтарын ұрлаушыларға қатысты қатаң жаза туралы ескертеді. Ұрлықты анықтаған жағдайда, бұзушы электр желілік компаниясына келтірілген өтемақыны ғана өтеп қоймай, ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

- Қаскүнемдер өздерінің өмірілеріне қауіп төндіріп қана қоймай, кездейсоқ жолаушылардың, балалардың өмірлеріне де қауіп төндіреді. Олар қоршауларды бүлдіреді,  энергетикалық нысандардағы құлыптарды сындырады. Әуесқойлықтан ашық үй-жайды зерттегісі келетін балалар жоғары кернеуге түсуі мүмкін. Акционерлік Қоғамның қызметі облыстың елді мекендерін, маңызды стратегиялық нысандарды, әскери бөлімдер мен шекара бекеттерін, аудандық арнайы және құқық қорғау қызметтерінің, сонымен қатар мұнай-газ саласының ірі кәсіпорындарын  электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орай, халықты тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарының, соның ішінде мемлекеттік маңызы бар стратегиялық маңызы бар нысандарының қалыпты қызметі тікелей біздің кәсіпорынның үздіксіз жұмысына байланысты,- деп атап өтті Марат Айбергенов.

«МӨЭК» АҚ мамандары өңір тұрғындарына барлық ұрлау әрекеттері бойынша жедел желі телефоны бойынша 8 (777) 057 00 02, сонымен қатар құқық қорғау органдарына хабарласуларын сұрайды. Сонымен қатар, энергетиктер Маңғыстау облысының тұрғындарын электр энергиясының сөнуі туралы дереу хабарлауларын сұрайды, себебі бұл өңірдің энергиялық нысандарынан жабдықтарды ұрлау әрекетімен байланысты болу мүмкіндігі бар.