Маңғыстау облысы Қазақстанның қарқынды дамып жатқан өңірлерінің бірі болып табылады. Республиканың батысында шоғырланған бірқатар мұнай және газ өндіретін компаниялардың қызметі негізінен электр энергиясымен сапалы және үздіксіз қамтамасыз етуден тәуелді. «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ – өңірдегі электр энергиясын тасымалдау және бөлу бойынша ірі оператор. Маңғыстау облысында осы нарықтағы «МӨЭК» АҚ үлесі 90% құрайды.
Электрэнергетика кез келген мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның базалық экономика салаларының бірі болып табылады. Осы саланың сенімді және тиімді әрекет етуі, тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету барлық елдің экономикасын дамыту үшін импульс береді. Зауыттар, фабрикалар, өнеркәсіптік және өндіруші кәсіпорындар, әлеуметтік объектілер, тұрғын-үй қоры үшін сенімді энергиямен жабдықтаудың аса қажет екендігі белгілі.
Электр энергиясын электрлік станциялардан тұтынушыларға тасымалдау — энергетиканың маңызды міндеттерінің бірі.
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ дамуының көпжылдық тарихы өзінің бастауын 1966 жылдан, «Қазақстанмұнай» бірлестігінің құрамында Маңғышлақ электрлік тораптар кәсіпорыны құрылған кезден алады. Осымен жарты ғасырдан астам уақыт компания Қазақстанның батыс өңірінің ең ірі әлеуметтік маңызды кәсіпорындарының бірі болып табылады. Маңғыстау облысында «МӨЭК» АҚ «МАЭК-Казатомпром» ЖШС өндіретін электр энергиясын тасымалдау және бөлу бойынша қызметтерді көрсетеді.
51 жылда кәсіпорынның еңбек ұжымымен іс жүзінде Маңғыстау облысын кешенді электрлендіру бойынша баға жетпес жұмыс жасалған. Бүгінгі күні өңір картасында электрлік тораптар өткізілмеген ешбір, тіпті ең кішкентай елді мекен де жоқ.
Бүгінгі күні «МӨЭК» АҚ тораптары бойынша тасымалданатын электр энергиясының орасан бөлігін біздің елдің батыс өңірінде өзінің қызметін жүзеге асыратын ірі өндіруші компаниялар тұтынады.
Мұнай және газ өндіру көлемдерінің артуы және жаңа пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру, Маңғыстау облысының қарқынды дамуы электр энергиясын тұтынудың сәйкесінше артуына алып келеді. «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ айқындаушы нәтижесі 2017 жылы электр энергиясын табыстау бойынша жоспарды 101%-ға орындау болды.
2017 жылы «МӨЭК» АҚ инвестициялық бюджетімен 4 287 млн. теңге сомасына энергетикалық жобалар жоспарланған, нақты игеру 5 695 740 мың теңгені немесе жоспарланған сомаға шаққанда 100,4% құрады.
2016 – 2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламадағы ірі жобалардың бірі «Қарамандыбас», «Термальная» 110/6кВ ҚС және «Глинзавод», «Восточная» 35/6кВ ҚС 6кВ жабық бөлу құрылғыларының жабдықтарын жаңғырту болып табылады, бұл Өзен белгілі мұнай-газ кен орнында жұмыс жасайтын өндіруші компанияларға электр энергиясын тасымалдайтын қосалқы станциялардың кейінгі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні «МӨЭК» АҚ дамудың қарқынды динамикасын көрсетеді. Компания жетекші халықаралық қаржылық институттармен белсенді серіктестік жүргізуде. Осылайша, 2018 жылғы наурызда Еуропа қайта құру және даму банкі «МӨЭК» АҚ-на компанияның тиімділігін жоғарылату және облыста жаңғырмалы энергия көздерін біріктіруге жәрдемдесу үшін 12 млрд. теңге көлемінде кредитті бөлді.
Қарыз 2020 жылға дейінгі «МӨЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасын қаржыландыруға бағытталған. Ол әрекетті қосалқы станцияларды және бөлу желілерін жаңғыртуды, жаңа электрлік желілерді салуды, «саналы» есепке алу аспаптарын және заманауи автоматты бақылау жүйелерін орнатуды қамтиды. Осы жұмыстар өңірде электр энергиясын тасымалдау және бөлу бойынша қызметтерді одан әрі сапалы ұсынуға бағытталған. «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ электртораптарының қуаты, тиімділігі және сенімділігі айтарлықтай арттырылады, бұл желіге жаңғырмалы энергия көздерін кедергісіз біріктіруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, осыған қоса, Жасыл климаттық қордан 5,3 млн. доллар көлемінде кредит ұсынылатыны күтілуде. Осы қаражаттар сонымен қатар Маңғыстау өңірінде жүзеге асырылуы жоспарланған жаңғырмалы энергия көздерінің жобаларын желіге біріктіруге бағытталады.
«100 нақты қадам» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспарының 51-ші қадамын жүзеге асыру шегінде 2018 жылы электр энергиясын тасымалдауға және бөлуге тартылған Маңғыстау облысының бірқатар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының жабдықтарын «МӨЭК» АҚ балансына қабылдау жоспарлануда. Бұл өңірде электр энергиясын тасымалдауға қатысты шығындарды төмендету және энергияны үнемдеу бойынша көрсеткіштердің артуына жәрдемдеседі.
Айтып өтерлік жәйт, «МӨЭК» АҚ электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) толықтай ауысқан Қазақстандағы бірінші компанияға айналды, бұл жеткізушіден бастап тұтынушыға жеткізілгенге дейін электр энергиясын толықтай ескеруге және бақылауға мүмкіндік береді.
2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық холдингісін жекешелендіру бойынша ҚР Үкіметінің Стратегиялық Бағдарламасы шегінде 2-кезеңдік конкурс қорытындылары бойынша, «МӨЭК» АҚ негізгі акционерлері «Қазақстан Коммуналдық жүйелері» ЖШС және «KBI ENERGY» ЖШС болды.
«Қазақстан Коммуналдық жүйелері» ЖШС республиканың ең ірі энергетикалық компанияларының бірі болып табылады. Осы құрылым Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ұсынылған. «Қазақстан Коммуналдық жүйелері» тобы энергетика саласындағы мемлекет саясатына жауап беретін меншікті Даму стратегиясын тиімді жүзеге асырады.
Қарқынды дамып жатқан «KBI ENERGY» ЖШС компаниясы жоғары дамыған индустриялық базасы, жұмысшы және инженерлік-техникалық қызметкерлердің білікті мамандары бар, күрделілігі әр түрлі жобалық, монтаж және іске қосу-баптау жұмыстарын ең қысқа мерзімдерде жоғары техникалық деңгейде орындауға қабілетті, ірі мамандандырылған жобалау-монтаждау ұйымы болып табылады.