«МӨЭК» АҚ 2018-2019 ЖЖ. КҮЗ-ҚЫС КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ПАСПОРТЫН АЛДЫ

  

«Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ 2018-2019 жж. күз-қыс кезеңіне дайындық паспортын алды, құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті берген.

- Дайындық паспорты кәсіпорынның электртораптық жабдықтарының және қызметкерлерінің төмен температуралар жағдайындағы жұмысқа дайындығының жоғары деңгейін растайды. Өңірдегі біздің энергиялық объектілер қысқа дайын, - деп, «МӨЭК» АҚ Өндірістік техникалық басқармасының бастығы Кадырхан Ермекбай атап өтті.

Қазіргі уақытта компанияда күзгі-қысқы кезеңнен өтуге әсер ететін негізгі жабдықтың жөндеуі толық аяқталды. Энергетиктермен жасалған жұмыс тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етеді және қызмет көрсетуші құрамның қауіпсіздігін жоғарылатады, сонымен қатар авариялық сөндірулер санын айтарлықтай азайтады.

- Жұмыс бір уақытта бірнеше бағыт бойынша жүргізілді: энергиялық объектілерді жөндеу, техникалық куәландыру, жабдықтарды диагностикалау және сынау, қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындау, желілерді диспетчерлік басқару жүйелерін дайындау, - деп, Кадырхан Ермекбай айтып берді.

Қызметкерлерді дайындауға және біліктілігін жоғарылатуға зор көңіл бөлінді. Оқытумен жөндеу жұмыстарымен тікелей айналысатын «МӨЭК» АҚ өндірістік қызметтерінің барлық жұмыскерлері қамтылған. Оқуды аяқтағаннан кейін барлық жұмыскерлер аттестацияланды және жөндеу жұмыстарына жіберілді. Жөндеу кампаниясында жалпы саны 187 жұмыскерді құрайтын 43 бригада және 74 бірлік автокөлік, соның ішінде 29 бірлік арнайы техника  қатысты.

- Күз-қыс кезеңіне дайындық шегінде негізгі және қосалқы жабдықтың жоспарлық жөндеулері, бөлу тораптарын жаңғырту бойынша іс-шаралар жүргізілді, материалдардың авариялық қоры жасалды. Жалпы алғанда  220-04 кВ есептелген 5 033 километр ілінбе желілер, 35 кВ және жоғары шамаға есептелген 57 қосалқы станция, сонымен қатар 6/10-04 кВ есептелген  342 жиынтықты трансформаторлық қосалқы станция жөнделді, – деп, «МӨЭК» АҚ жөндеулерді жоспарлау және мониторингілеу бөлімінің бастығы Ерлан Сакиев хабарлады.

Бүгінгі күні «МӨЭК» АҚ Маңыстау облысында электр энергиясын жеткізуді және бөлуді жүзеге асыратын осы өңірдегі ең ірі компания болып табылады. «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясының негізгі көлемінің тұтынушылары өңірдің мұнай-газ секторының объектілері болып табылады. Маңғыстау облысының Электр энергиясын бөлу нарығындағы  «МӨЭК» АҚ үлесі 90% құрайды.