«МӨЭК» АҚ «КАСПИЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

 

 

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компания» АҚ әлеуметтік мекемелерге көмек көрсетуге, мәдени және білім беру бағдарламаларына көңіл бөлетін  әлеуметтік жауапты компания. Бұл болашақта компания үшін де, жалпы қоғам үшін де міндетті түрде оң нәтижесін беретін әлеуметтік инвестициялар.

Жақында «МӨЭК» АҚ қызметкерлері «Каспий» футбол клубына материалдық көмек көрсетті. Электртораптық компанияның қаражатына футбол бойынша барлық өңірлік және республикалық турнирлар өтетін «Жас Қанат» стадионының ғимараты мен трибунасына қайта құру жүргізілді. «Жас Қанат»  стадионы 3500   орынға есептелген.

Қазақстандық «Каспий» футбол клубы чемпионаттарға 1979 жылдан бері қатысады. Бұрын клуб «Еңбек» деп аталды. 2002 жылдан бастап «Каспий» ФК Бірінші лига командарының арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігіне қатысады. Клуб тәрбиеленушілерінің көбі «Спорт шебері» және «Спорт шебері үміткері» атақтарына ие. Бүгінгі таңда олардың кө бісі қазақ стандық футболдың құрылымында футбол функционерлері және бапкер ретінде жұмыс істейді. «Каспий» ФК тәрбиеленушілері бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республи касының ұлттық құрама командаларында ойнайды.

Дене шынықтыру және спорт  саласы жасы мен әлеуметтік мәртебеге тәуелсіз, қоғамның әлеуметтік нығаюына, біртұтас болашақ ұлтын қалыптастыруға, жүйелі түрде отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал ететін келешекті алаңдардың бірі ретінде әрекет етеді.

Қазіргі спорт әлемінде және салауатты өмір экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының басты көрсеткіштері қатарына кіреді және тұрғындардың әлеуметтік қамтылуының маңызды аспектісі болып табылады.

Футбол – ең көріністі, қызықтыратын, болжанбайтын ойындардың бірі. Сонымен қатар бұл спорттың ең үйлесімді және жанжақты түрінің бірі. Футбол жылдамдық пен күшті, ептілікті, үйлесімділікті, икемділік пен төзімділікті дамытады. Ойлау жылдамдығын арттырады, жиі аз уақыт ішінде дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Футбол әртүрлі жастағы және физикалық дамуы әртүрлі адамдарды қамтиды.

- Салауатты өмір салты ұлттың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына  ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан осы салаға көп көңіл бөлеміз. Бүгінгі таңда «Жас Қанат» стадионының футбол алаңы толық жаңартылды, трибуналар мен ғимаратқа жөндеу жүргізілді. Ең жоғары деңгейдегі футбол матчтерін өткізуге барлық жағдай жасалды. Маңғыстауда футболдағы жағымды өзгерістер командалардың психологиялық ойлауына ықпал ететініне және біз кәсіби футбол көретінімізге сенімдімін, - деді «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасының Даму және қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Галымжан Рахимжанов.

«Каспий» клубының директоры Виталий клубқа көрсетілген қолдау мен көмек үшін алғысын білдіреді.

- «МӨЭК» Акционерлік қоғамының қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіргім келеді. Компанияның күшімен біз «Жас Қанат» стадионын ретке келтіре, қажетті жөндеуді жүзеге асыра алдық. Сөзсіз, серіктестерден сенімді сезіну өте маңызды. Біз өте маңызды іс істеп жатырмыз  - адамдар үшін тырысып жатырмыз. Клубтың атынан «МӨЭК» компаниясына белсенді әлеуметтік позициясы үшін алғысымды білдіремін. Болашақта «Каспий» ФК мен «МӨЭК» АҚ бір бағытта жүретініне үміттенемін,- деді Виталий Юн.