«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері өңірдің тұрғындарынан электр тасымалдау әуе желілерінің, трансформаторлық қосалқы станциялардың және басқа электрлік жабдықтардың жанында болғанда өмірлік маңызы бар қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұрайды. Электр қауіпсіздігі ережелерін елемеу ауыр жарақатқа, соның ішінде өмірмен үйлеспейтін жарақттарға әкелуі мүмкін екені белгілі. Өз кезегінде, «МӨЭК» АҚ энергетиктері компанияның нысандары бөгде тұлғалардың кіруінен тиісінше қорғалуы және ескертпе белгілерімен жабдықталуы үшін барлығын істейді.
- Статистикаға сәйкес, Қазақстандағы энергетикалық нысандардағы жазатайым оқиғалардың көбісі – бұл ескертулерді елемеудің және энергетикалық нысандардан ұрлаудың нәтижесі. Алайда, зардап шеккендер көбінесе қауіптілікті түсінбейді және өз әрекеттерінің салдары туралы ойланбайды. Біз электрмен жабдықтаудың игіліктеріне дағдыланып қалғанымыз соншалықты, біздің айналамыздағы энергиялық нысандарды байқамаймыз. Естеріңізде болсын – қауіпсіз электр тоғы болмайды,- дейді «МӨЭК» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Шабай Нуримов.
«МӨЭК» АҚ мамандары тұрғындарға электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, сонымен қатар бұл білімді өз балаларына берудің қажет тілігін ескертеді.
ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- әуе желілері сымдарының астына қандай дабір құрылыс көтеруге, отын, шөп жинауға, от жағуға;
- әуе желілерінің сымдарының астына батпырауық жіберуге;
- электрлік қосалқы станциялардың, трансформаторлық пункттердің жанында және аймағында, әуе желілері сымдарының астында ойнауға;
- әуе желілерінің бағандарына көтерілуге, оқшаулағыштарды бұзуға, сымдарға қандай-да бір заттарды немесе сымды ілуге;
- селфи (фототүсірілім) үшін электр нысандарын қолдануға;
- үзілген сымдарға 8 метр қашықтан жақын келуге;
- қосалқы станциялардың, трансформаторлық пункттердің, бөлу құрылғыларының үй-жайларына кіруге;
- жанында әуе желілері өтсе, ағашқа көтерілуге;
- электрлік қосалқы станциялардың аймағына түскен заттарды алуға;
- әуе желілерінің салбырап тұрған сымдарына жақындауға;
- электрлік аспаптарды және үйдегі электр сымдар жүйесін өз бетінше жөндеуге;
- тұрмыстық желілерге шамадан тыс жүктеме түсіруге – бұл қысқа тұйықталу және өртке әкеледі;
- электрлік аспаптарын су қолмен ұстауға;
- ашық сымдарды ұстауға;
- сақтандырғыш ретінде калибрленбеген ерігіш қондырмаларды (қоңыздарды) қолдану;
- көтеріңкі номиналды тоқпен автоматты сөндіргіштерді қолдануға.
Электрлік тоқтың өзіндік ерекшелігі оның жасырын қауіпі болып табылады: оны көруге, естуге немесе иісіз сезуге болмайды. Сондықтан, қоршаулар мен ескерту белгілеріне қарамастан, энергия нысандарына жақындау көп жағдайда адамдарда қауіп тудырмайды,- дейді «МӨЭК» АҚ энергетиктері.
- Маңғыстау облысының тұрғындарынан электрлік жабдықтардағы және әуе желілерінің бағандарындағы ескерту белгілеріне ерекше назар аударуларын сұраймыз «Абайлаңыз! Жоғары кернеу!» - найзағай белгісі бар сары үшбұрыш және «КІРМЕҢІЗ - ӨЛТІРЕДІ». ақаулы электр беріліс желілерін немесе ашық энергетикалық нысандарын анықтаған жағдайда, «Жедел желі»: 8 (777) 057 00 02 нөміріне хабарлауға шақырады. Тиісті сигнал алған кезде, «МӨЭК» АҚ мамандарымен осы ақауларды жою бойынша шаралар қолданылады, - деп атап өтті Шабай Нуримов.
Маңғыстау облысының тұрғындары электрмен жабдықтауға қатысты кез келген сұрақтарға «жедел желі» нөмірі бойынша ғана емес, сонымен бірге сенім телефоны – 8 (7292)200-300 бойынша да жауап ала алады. Сенім телефоны шағымдар мен наразылықтарды дереу алу мақсатында жасалды. Сонымен қатар, қалалықтар өздерінің шағымдары мен ұсыныстарын Басқарма Төрағасының WhatsApp мессенджеріндегі – 8(777) 599 99 52 жеке нөміріне қалдыра алады,- деп атап өтті «МӨЭК» АҚ энергетиктері.