Ш.ЕСЕНОВТЫҢ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ 10 ОҚЫТУШЫСЫ «МӨЭК» АҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

  

Көп жылдық тәжірибе мен ғылыми атақтар педагогтар үшін қайта оқушы болып, өз білімдерін жетілдіру үшін кедергі емес. Осылайша, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университ етінің оқытушылары «Маңғыстау өңірлік электртораптық компания» АҚ өндірістік базасындағы тағылымдаманың қатысушылары болды.

Үш күн бойы Ш.Есенов атындағы университеттің оқытушыларын заманауи энергетикалық жабдықтардың негізгі сипаттамалары мен жұмыс қағидаларын зерттеу, сонымен қатар өңірдің электр желілік шаруашылығының нысандарын пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын және электрлік энергетикадағы жаңа  технологиялармен танысу күтіп тұр.

«МӨЭК» АҚ-да, мұндай шаралар оқытушылармен электр энергетикасының күрделі жүйесін тереңірек түсінуіне ықпал ететініне сенімді.

- Бүгін жаңа технологиялар мен идеялар ғасырында өндірістік тағылымдама біліктілікті көтерудің ең нәтижелі әдістерінің бірі болды. Тағылымдама теориялық білімді нығайтуға және жаңа ептілік пен дағды алуға ықпал етеді. Себебі болашақ мамандарды болашақ теоретик емес, ал өндірістік процесті өз көзімен көріп, қатысқан адам  оқытуы тиіс. ЖОО мен кәсіпорындар өзара тиімді серіктестік құрған кезде, онда ең алдымен сұранысқа ие мамандығын алуды армандайтын жастар олжалы болады. тағылымдама оқытушыларға өндірістегі жұмыстың бүге-шегесін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді,- деді «МӨЭК» АҚ Пайдалану бойынша басқармасы Төрағасының орынбасары Жаксылык Сыгымбеков.

«Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының педагогтары жаңалық туралы оң пікір айтып, кәсіпорындағы игілікті атмосфераны, бүкіл кезеңдердегі өзара әрекеттестік пен конструктивті диалогты  атап көрсетеді.

- Соңғы жылдардағы технология саласындағы ілгерілеу қоғам өмірінің барлық салаларында, соның ішінде білім мен кәсіби қызметте қарқынды өзгерістерге әкелді. Егер бұрын, орта немесе жоғары білім алып, адам өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істеп, өзінің кәсіби саласында табысты бола алса, қазір мұндай жағдай мүмкін емес. Күндердің бірінде маман білім алу процесінде алған біліктілігі ескіреді. Табысты мансапты құру үшін адам өзінің білімдері мен дағдыларын үнемі жетілдіруі тиіс, кәсібіне ықпал ететін ғылым, техника және заңнама саласындағы соңғы жетістіктер туралы жаңа ақпаратты алып отыруы тиіс. Сондықтан Ш.Есенов атындағы КМТИУ-де оқытушыларын облыстың жетекші кәсіпорындарында тағылымдамадан өткізу жүйесі бар,- деп атап өтті «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі Мереке Жумадилова.

Бұдан басқа, осы жылы «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының филиалы ашылды. Жыл сайын жоғарғы курс студенттері бүкіл оқу жылы ішінде өңірдің энергия беретін жетекші кәсіпорнында тәжірибеден өтеді. Студенттерді оқытумен «МӨЭК» АҚ кәсіби энергетиктері айналысады.

2018 жылдың наурыз айында «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын, еске сала кетейік.

Ст ратегиялық құжатқа «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Салтанат Игисинова және Ш.Есенов атындағы КМТжИУ Ректоры Берік Ахметов қол қойды. Тараптар жас м амандар үшін  мүмкіндіктерді кеңейту және энергетикалық саладағы кадырлық әлеуетті көтеру мақсатында өзара әрекеттесу туралы келісті.