ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН БҰРЫН: «МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ ОҚУШЫЛАРҒА ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Жыл сайын «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ мамандары мектептерде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізіп, электр қауіпсіздігі мәселелерінде сауаттылық деңгейін арттырады. Электротравматизмнің алдын алу «МӨЭК» АҚ жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оқушыларға арналған дәріс сабақтары жазғы демалыс басталғанға дейін өтеді. Мамандар атап өткендей, дәл осы кезеңде балалар көбінесе үйде жалғыз қалады.

 2023 жылдың наурыз – сәуір айларында «МӨЭК» АҚ мамандары Маңғыстау облысының барлық аудандарындағы жалпы білім беру мекемелерінде 30-дан астам электр қауіпсіздігі сабақтарын өткізді.

 Көрнекі құралдар – жадынамалар, плакаттар мен тұсаукесерлердің көмегімен энергетиктер оқушыларға электр құралдарын пайдалану ережелері, сондай – ақ көшеде орналасқан энергетикалық нысандар туралы айтып берді.

- Жұмыстың басты мақсаты - өмірлік маңызды білім беру. Біз үшін электр жабдықтары олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіруі мүмкін екенін балаларға қолжетімді түрде жеткізу өте маңызды. Балалар барынша пайдалы ақпаратты білді, электр қауіпсіздігін сақтау бойынша негізгі ережелерді білді. Танымдық, есте қаларлық сабақтар оқушылардың қауіпсіздігін сауатты сенімді бақылауды қамтамасыз етуге көмектеседі деп үміттенеміз. Өңірдің кәмелетке толмаған тұрғындарының электротравматизмінің алдын алу, оларды қалада және табиғатта қауіпсіз мінез – құлыққа үйрету біз үшін аса маңызды міндеттер болды және болып қала береді, - деді «МӨЭК» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Шабай Нуримов.

«МӨЭК» АҚ энергетиктері қосалқы станциялар мен басқа да энергия объектілері маңындағы тәртіп ережелеріне ерекше назар аударады. Оқушыларға трансформаторлық қосалқы станциялармен жабдықталған қауіпті ескерту белгілеріне назар аударудың қаншалықты маңызды екендігі айтылды.

Сондай-ақ, энергетикалық компания мамандары оқушыларға ЭБЖ салбырап немесе үзіліп қалған сымын анықтаған кезде бұл туралы ересектерге дереу хабарлау қажет екенін айтты. Жанасу ғана емес, оған жақындаудың өзі өлімге әкеледі. Сонымен қатар, трансформаторлық қосалқы станцияларға кіруге, тарату қалқандары мен басқа да электр құрылғыларының есіктерін ашуға қатаң тыйым салынады.

«МӨЭК» АҚ энергетиктері балалардың электротравматизмінің алдын алу жөніндегі тұрақты іс-шаралар балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың айтарлықтай қысқаруына әкелетінін атап өтті.

 - Балаларға кернеулі энергетикалық объектілердің жанында қарапайым мінез-құлық ережелерін мүмкіндігінше жиі еске салу маңызды. Ата – аналардан жазғы демалыс кезінде балаларды бақылауды сұраймыз, - деп атап өтті Шабай Нуримов.

 «МӨЭК» АҚ қайғылы оқиғалардың алдын алу және қосалқы станцияларға рұқсатсыз кіруге жол бермеу үшін энергетиктер электр желілік шаруашылық объектілерін үнемі тексеріп отырады, қоршаулардың тұтастығын, құлыптау құрылғыларының жарамдылығын, ескерту белгілерінің болуын тексереді. Жақын жерде мектептер, мектепке дейінгі және әлеуметтік мекемелер орналасқан энергия объектілері ерекше бақылауда.

Зақымдалған электр беру желілері немесе ашық энергия объектілері анықталған кезде  «МӨЭК» АҚ бұл туралы «Жедел желі» телефондары арқылы хабарлауды сұрайды: 8 (777) 057 00 05,8 (777) 550 42 66 және 8 (7292) 200-278.

 Электр желісі компаниясының мамандары тиісті сигнал алған кезде осы ақауларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.