«МӨЭК» АҚ АТА-АНАЛАРДЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ БАҚЫЛАП ОТЫРУҒА ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕ САЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қатаң тыйым салынады:

- электр беру желілерінің тіректеріне жақындауға;

- әуе электр беру желілерінің астында әуе жыландарын ұшыруға;

- электр қосалқы станциялардың, трансформаторлық пункттердің жанында және аумағында, электр берудің әуе желілерінің астында ойнауға;

- әуе желілерінің тіректеріне көтерілу;

- энергия объектілерін селфи (фототүсірілім) үшін пайдалануға;

- үзілген сымдарға жақындауға;

- құлыптарды жұлып алу және қосалқы станциялардың, трансформаторлық пункттердің, тарату құрылғыларының үй-жайларына кіруге;

- электр қосалқы станциялардың аумағына түскен заттарды алуға;

- әуе желілерінің салбыраған сымдарына жақындауға.

 

Энергия объектілері ойын-сауық орны емес. Балалар электр жабдықтары мен әуе желілерінің тіректеріндегі «Абайлаңыз! Жоғары кернеу!» және «ЖОҒАРЫ ШЫҚПА! ӨМІРІҢЕ ҚАУІПТІ» ескерту белгілеріне ерекше назар аудару керек. Бұл белгілердің барлығы қауіпсіздік мақсатында орнатылған.

 

«МӨЭК» АҚ энергетиктері зардап шеккен электр беру желілері немесе ашық энергия объектілері анықталған кезде өңір тұрғындарынан «Қауырт желі» нөміріне дереу хабарлауды сұрайды: 8 (777) 057 00 02. «МӨЭК» АҚ мамандары тиісті сигнал алған кезде осы ақауларды жою бойынша дереу шаралар қабылданатын болады.