2022 жылдың 7 қыркүйегінде «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Инвестициялық бағдарламалар объектілері бойынша баспасөз-туры өтті.
Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылығы, Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының және БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз туры барысында «МӨЭК» АҚ энергетиктері 2021 жылға және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы мен тарифтік сметаның орындалуы туралы айтып берді.
Бүгінгі күні Маңғыстау облысы белсенді дамып келе жатқан өңір болып табылады: тұрғын үй кешендері, әлеуметтік нысандар, коммерциялық ғимараттар пайдалануға беріледі, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсуде. Каспий теңізінің жағалауында туристік хабтың дамуымен өңірде энергия тұтыну айтарлықтай өсуде.
Электр энергиясына қажеттіліктің тұрақты өсу үрдісін ескере отырып, «МӨЭК» АҚ жүйелі негізде өзінің энергия қуаттылығын арттыруда. Жыл сайын «МӨЭК» АҚ өзінің энергетикалық нысандарының құрылысын және белсенді жаңғыртуын жүргізеді. Жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша жұмыстар бекітілген Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүргізіледі.
2021 жылы «МӨЭК» АҚ электр желілерінің жеткілікті өткізу қабілетін қамтамасыз ету, тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтау және нормативтік шығындар деңгейін төмендету үшін қосалқы станциялар мен жабдықтарды жаңғыртуға 4 млрд.теңгеден астам инвестиция салды. Жаңғырту тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.
Энергетиканы жөндеу бағдарламасы аясында «МӨЭК» АҚ 551 шақырым әуе желілерін, кернеуі 35 кВ және одан жоғары 11 күштік трансформаторларды жөндеді, сондай-ақ 6/10 кВ 43 кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізді.
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде «МӨЭК» АҚ Ақтау қаласының «Тёплый пляж» ауданында 2х25 МВА трансформаторлары бар ПС-110/10 кВ жаңа «Южная» қосалқы станциясының құрылысын аяқтады. Қосалқы станцияны пайдалануға беру үшін ұзындығы 6 км 110 кВ жаңа әуе желісі салынды. Сондай-ақ, 2021 жылы «МӨЭК» АҚ энергетиктері «Тёплый пляж» ауданында ұзындығы 10,3 км электр берудің екі тізбекті әуе желісінің (ЛЭП -10 кВ) құрылысын аяқтады. Жұмыс барысында 256 тірек орнатылды. Құстардың қауіпсіздігі үшін әуе желілерінде заманауи қорғаныс құрылғылары орнатылған.
2021 жылы «МӨЭК» АҚ мамандары келесі жұмыстарды орындады:
- «Узень» ПС-220/110/10 кВ қосалқы станциясының екі автотрансформаторында сумен өрт сөндіру жүйесіне жаңғырту жүргізілді;
-ЭКЕАЖ жүйесін «1Г», «2Г, «3Г», «Прибрежная», «ПС-4», «Н-2», «Куюлус», «РМЗ», «База отдыха»қосалқы станцияларында енгізді;
- «Узень» ПС-220/110/10кВ қосалқы станциясында SCADA жүйесін енгізді.
Сондай-ақ, 2021 жылы Ақтау қаласындағы «ГПП-2г» ПС110/10 кВ және Шетпе ауылындағы «Шетпе» ГПП-35/10 кВ қосалқы станцияларында жабық тарату құрылғыларының (ЗРУ-10 кВ) жабдықтарын жаңғырту басталды. Бұл жұмыстарды аяқтау 2022 жылға жоспарланған.
2021 жылы «МӨЭК» АҚ желілері бойынша 77,34 МВт қуат тұтынушыларды электрмен жабдықтауға берілді, оның ішінде:
- 73,6 МВт жаңадан қосылған тұтынушыларды 246 дана электрмен жабдықтауға техникалық шарттар берілді;
- 3,74 МВт 63 қосалқы тұтынушы үшін қосымша қуат шығарумен келісілді.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Инвестициялық бағдарламаның нақты игерілуі 388 млн. теңгені құрады, жоспар бойынша 481 млн. теңге немесе 81%.
Бүгінгі таңда келесі жобаларды жүзеге асыру сәтті аяқталды:
- ПС 220/110/10 кВ «Узень» қосалқы станциясындағы релелік қорғаныс пен автоматиканы (РҚА) қайта жаңарту;
- «МӨЭК» АҚ Механизация және көлік қызметі үшін жөндеу бокстарын салу;
- «Теплый пляж»ауданында ұзындығы 10,5 км ЛЭП -10 кВ құрылысы;
- «КТЖ» 35/10 кВ ҚС бастап 1х7км «Курык» ПС-110/10-10 113 ұяшығы 10 кВ ӘЖ дейін ЛЭП-10 кВ құрылысы.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «МӨЭК» АҚ желілері бойынша тұтынушыларды электрмен жабдықтауға 51,56 МВт қуат берілді, оның ішінде:
- 51,56 МВт жаңадан қосылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауға 139 дана техникалық шарттар берілді;
- 4,8 МВт 23 қосалқы тұтынушы үшін қосымша қуат шығарумен келісілді.
Іс - шара соңында кездесуге қатысушылар Ақтау қаласының «Тёплый пляж» ауданындағы нысанға - 2х25 МВА трансформаторлары бар 110/10 кВ-ПС «Южная» жаңа қосалқы станциясына барды. «Южная» қосалқы станциясының құрылысы Маңғыстау облысының туризмін дамыту мақсатында және «МӨЭК» АҚ мен облыс әкімдігі арасында қол қойылған Меморандум аясында жүргізілді.