Тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Компания өзінің энергетикалық объектілерін жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жүргізеді. Жабдықты ауыстыру инвестициялық бағдарлама шегінде жүзеге асырылады және «МӨЭК» АҚ тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталған. Мысалдардың бірі – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылындағы қосалқы станцияны кешенді жаңғырту. Жуырда аяқталған жұмыстар ауылдық тұрғындарға, сонымен қатар әлеуметтік маңызды объектілерге электр энергиясының тұрақты жеткізілуіне кепілдік береді.
- Ақжігіт ауылындағы қосалқы станция 20 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Сапалы жөндеу – үздіксіз электр қуатымен жабдықтаудың кепілі. Қосалқы станцияда жабдықтарды толық жаңғыртуды жүргізді. Осының арқасында тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтау сенімділігі, пайдалану қауіпсіздігі, жіберілетін электр энергиясының сапасы жоғарлады, авариялық оқиғалар саны төмендейді. Айтып өтерлік жәйт, жаңғырту сонымен қатар Бейнеу ауданындағы «Карьерная» қосалқы станциясында аяқталды. Ол шағын және орта бизнес объектілерін электр энергиясымен тұрақты жабдықтауда», — деді «МӨЭК» АҚ Перспективалық даму және капиталдық құрылыс Басқармасының басшысы Мурат Иманов.
Электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін, сапасын жоғарылату үшін энергетиктер тозған майлы 6-35 кВ ажыратқыштарды заманауи вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырды. Айтып өтерлік жәйт, вакуумдық ажыратқыштар бүгінгі күні бөлу желілеріндегі ең заманауи, жоғарытехнологиялық, сенімді аппараттар болып табылады. Қосалқы станцияның орнатылған жабдығы SCADA әрекетті жүйесіне біріктірілген, бұл авариялық сөндірулерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
«МӨЭК» АҚ Маңыстау облысында электр энергиясын жеткізуді және бөлуді жүзеге асыратын осы өңірдегі ең ірі компания болып табылады. «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясының негізгі көлемінің тұтынушылары өңірдің мұнай-газ секторының объектілері болып табылады, сонымен қатар облыс ауылдарына да зор көңіл бөлінеді. Компанияда келесіні атап өтеді: қосалқы станциялардағы жабдықтардың тозуы деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын, инвестициялық бағдарлама шегінде бірқатар объектілер жаңғыртылады. Барлық жұмыстар жобаға және бекітілген құрылыс кестесіне қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Жалпы алғанда «МӨЭК» АҚ бес мың километрден астам желілерді пайдаланады, кәсіпорынның балансында 57 бірлік қосалқы станция бар.
«МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ «ЖЕДЕЛ ЖЕЛІНІҢ» ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ.
«Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» акционерлік қоғамы өңір тұрғындарының назарын «жедел желінің» тәулік бойы жұмыс жасайтынына аудартады.
Халықты электр желілерінде орын алған авариялық сөндірулер және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы жедел ақпараттандыру мақсатында «жедел желі» - 8 (777) 057 00 02 тәулік бойы жұмыс жасайды. «Жедел желінің» негізгі функциясы – электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін және үздіксіздігін жоғарылату және тұтынушылармен өзара әрекеттестік бойынша жұмысты жетілдіру.
- Маңғыстау облысының тұрғындары «жедел желі» телефоны бойынша, сонымен қатар 8 (7292)200-300 сенім телефоны бойынша электр қуатымен жабдықтауға қатысты кез келген сұрақтарға жауаптар алуы мүмкін. Сенім телефоны шағымдар мен жүгінімдерді жедел алу мақсатында жасалған. Сәйкес сигналды алған кезде, «МӨЭК» АҚ мамандары ақауларды жою бойынша шараларды кідірместен қабылдайды. Сонымен қатар, қалалықтар өзінің шағымдары мен ұсыныстарын 8(777) 599 99 52 WhatsApp мессенджеріндегі Басқарма Төрағасының жеке нөміріне қалдыра алады,- деп, - «МӨЭК» АҚ энергетиктері атап өтті.