ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ

  

Энергетика дәстүрлі түрде ер адамдарға арналған сала болып саналады, себебі осы салада жұмыс жасау үшін жоғары күйзеліс тұрақтылығы, талапшылдық, жеделдік және кейде салқынқандылық қажет. Осы тұлғалық қасиеттер жұмсақ және мейрімді әйел бейнесімен мүлдем үйлеспейді. Дегенмен, әйелдер энергетика өздерінің позицияларына бұрыннан және берік жайғасқан, және еркек-әріптестерімен бір қатарда өзінің міндеттерін орындауда.

«Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ-да әр түрлі мамандықтарда 132 әйел еңбек етеді. Халықаралық әйелдер күніне орай біз адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі – электр энергиясының тасымалдаушысы болып табылатын нәзік жандылардың бір өкілі туралы айтып береміз.

Дина Жакешова мамандықта 30 жылдан астам еңбек етуде, және ол - энергетиканың «ерлерге лайықты» деген тұжырымды ескірген таптаурын ретінде көрсететін әйелдердің жарқын мысалы.

Дина Куандыккызы Маңғыстау облысының ең үлкен қосалқы станциясында - «МӨЭК» АҚ Өзен АЭТ-да қосалқы станцияларға қызмет көрсету бойынша электрмонтерден диспетчерге дейінгі еңбек жолын өтті. Күн сайын ол жұмысқа жақсы көңіл-күймен келіп, өзінің сүйкімділігімен және оптимизмімен баурап алады.
Зор тәжірибе және жоғары кәсіпқойлық оған тораптардың жұмыс режимдерінің сенімді әрекет етуін тәулік бойы қамтамасыз етуге, сонымен қатар РҚА құрылғылары жұмысының үздіксіз мониторингісін жүргізуге мүмкіндік береді. Тұтынушылардың сенімді электр қуатымен жабдықталуын қамтамасыз етіп, Дина Жакешова нәзік, сүйкімді және тартымды болып қалуға тырысады.

Дина Жакешова «МӨЭК» АҚ-на жұмысқа жас қыз болып келген. 1989 жылы ол Жаңаөзен қаласында мұнай техникумын «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр қуатымен жабдықтау» мамандығы бойынша сәтті тәмамдады. Сол жылы дипломды маман «Узень Энерго Нефть» кәсіпорнына электрмонтер болып жұмысқа қабылданды.
1994 жылы Дина Куандыккызы «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ-на жұмысқа орналасты. 1994 жылдан 2008 жылға дейін Өзен АЭТ-да III разрядты электромонтёр болып жұмыс жасады. 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін Дина Куандыккызы осы АЭТ-да диспетчер болып жұмыс жасайды.

Өзінің білімі мен кәсіпқойлығын арттыруды қалап, Дина Куандыккызы 2002 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Автоматтандырылған жетек» мамандығы бойынша сырттай тәмамдады.

Күн сайын Дина Жакешова жұмысты электр энергиясы тұтынушыларынан келіп түскен өтінімдерді мониторингілеуден бастайды. Оның міндеттеріне тораптық авариялар жерлері бойынша электрмонтерлер топтарын бөлу кіреді, Жаңаөзен қаласындағы тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігі және үздіксіздігі оның жеке бақылауында.

- Мамандықты таңдаған кезде мен қателескен жоқпын! Менің барлық өмірім энергетикамен баланысты. Осы жерде менің жаным жай табады. Осымен 30 жыл бойы мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып келемін және энергетика мен үшін жұмыстан астам дүниеге айналғанын мойындауым тиіс. Уақыт өте менің түсінгенім: бұл жұмыс маған көп нәрсені береді, ол мені әрқашан тонуста ұстайды, мені белгілі бір шамада жинақы, тәртіпті, мұқият, өз-өзіме сенімді, батыл, салқынқанды болуға үйретті, – деді Дина Жакешова.

Мамандықта қалыптасып, Дина Жакешова жар және ана атанды. Оның жанұясы – жұбайы және екі ұлы оған әркез қолдау көрсетеді.

Халықаралық әйелдер күні Дина Жакешова өзінің әйел-әріптестеріне махабат, берік денсаулық, әл-ауқат, жұмыста өндірістік табыстар, мейірімді және адал достарды, отбасылық бақытты тілейді.