«Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс».
(ел Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан)
Ағымдағы жыл Қазақстан Президентімен Жастар жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін осы оқиғаның маңызды мән-мағынасын атап өтті. «Жастар – бұл заманауи әлемдегі біздің еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің шешуші факторы. Қазақстанның болашағы сіздерден, сіздің білімдеріңізден, энергияңыздан және ұлтжандылығыңыздан тәуелді. Біз бүгінгі жасап жатқандардың барлығы сіздің бақытты өміріңіз үшін, сізге өз әлеуетіңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық шамада жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін жасалады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ЖАСТАРДЫҢ ЭНЕРГИЯСЫН – ЭНЕРГЕТИКАҒА
1980-2000 жж. кезеңде туған ұрпақтың (басқаша айтқанда Y ұрпағының) жұмыстық әлеуетін барынша тиімді пайдалану керек. Сарапшылардың есептеулері бойынша Y ұрпағының мамандары (немесе «миллениалалар» деп аталады, ағыл. millennials – бұл 2000 жылғы 1 шілдеден кейін жұмыс жасауды бастаған тұлғалар) – бұл заманауи компаниялардың басты үміті және тірегі, ал тағы он жылдан соң олар негізгі жұмыс күшіне айналады.
Бұл ұрпақ бүгінгі күні еңбек ресурстарының елеулі бөлігін құрайды. Әдетте, бұл - елеулі амбициялары және өзінің тұлғасы мен өзінің айналысатын ісінің маңыздылығына қатысты сенімділігі бар жақсы білімі бар адамдар.
«Маңғыстау оттары» ағымдағы жыл барысында, әр түрлі кәсіпорындарда және т.б. жұмыс жасап, өзінің жасында бизнесте, спортта, мәдени ортада, педагогикада және медицинада әр түрлі жетістіктерге қол жеткізген жас ұрпақ туралы сөз қозғайды.
Бүгінгі күні энергетика саласында жұмыс жасайтын жас адамдар тарихын оқыңыз.
Бұл ұрпақ технологиялық сау адамдар болып табылады – олар әрекетті технологияларды жақсы ажыратады және жаңа технологиялардың пайда болуын белсенді күтеді және құптайды. Олар өте тапқыр және жылдам үйренеді, міндеттің қаншалықты күрделі екендігіне қарамастан, өзінің сұрақтарына жауап іздеуге дайын. Осы адамдар жарқын көңілді, еңбекқор, әрқашан мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылады. Осы сипаттамалар Y ұрпағының көпшілігіне тән және бүгінде бәсекеге қабілетті компанияға қажетті мінсіз жұмыскердің сипаттамалары болып табылады.
Кез келген жұмыс табыстылығының оның элементтерінің үйлесімді өзара әрекеттесуінен тәуелді екендігі белгілі. Тұтас кәсіпорын жұмысының табыстылығы негізінен оның ұжымының үйлесімді жұмысымен анықталады. «Қазақстан Коммуналдық жүйелері» тобының басты құндылығы тәжірибелі мамандар болып табылады, олардың еңбегі арқасында әр түрлі ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылады және өндірістік көрсеткіштер жоғарылайды. «МӨЭК» АҚ-да кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылатын, білімді, қайратты адамдар жұмыс жасайды.
Осындай тұлғалар Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдағаннан кейін өзінің еңбек жолын бірге бастаған «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ әріптес-мамандары болып табылады.
2011 жылы «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ жұмысқа курстас-достар Олжас Джаманов, Азамат Шангреев, Бауржан Аманбеков, Макпал Тлеукулова, Бибигуль Бесмагамбетова және Мурат Иманов орналасты. 9 жылда дипломды мамандар қатардағы қызметкерлерден жетекші лауазымдарға дейін өндірістік жолды өтті.
Осы жылдарда керемет білімді және зейінділікті көрсетіп, энергетиктер бүгінгі күні «МӨЭК» АҚ әр түрлі құрылымдық бөлімшелерін басқаруда, олар өзінің мысалымен компанияда әлеуметтік жеделсатының және өзінің кәсіби әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігі бар екендігін растайды. Қазіргі уақытта электртораптық компанияның перспективалық даму және капиталдық құрылыс басқармасын басқаратын Мурат Иманов өзінің бірінші жұмыс күнін есінде жақсы сақтағанын айтып беруде.
Оның айтуынша, олар бірінші күндерден бастап оқу кезінде алған білімдерді тәжірибеде қолдана бастады.
– Біздің достығымыз 14 жыл бұрын студенттік орындықтан басталған. Университетті тәмамдағаннан кейін тағдыр бізді біздің еліміздің әр түрлі жерлері бойынша таратты. Бірақ 2011 жылы «МӨЭК» АҚ бізді қайтадан біріктірді, енді біз біздің кәсіпорынның игілігі үшін еңбек етудеміз. Біз бірге жұмыс жасаудамыз және, осы күнге дейін достық қарым-қатынастамыз! Ия, менің зайыбым – Макпал Тлеукулова – осы жерде жұмыс жасайды. Біз Макпалмен институтта бірге оқыдық және оқуды аяқтағаннан кейін үйлендік. Біз кәсіпорынға жас мамандар ретінде келдік, жұмыс лауазымдарынан бастадық. Энергетикалық кәсіпорын – бұл жоғары білікті мамандардың сенімді ұжымы бар, тұрақты, қарқынды дамып жатқан компания. Ол Маңғыстау облысының энергиялық жүйесін дамытуға және нығайтуға лайықты үлес қосуда, – деп, айтып берді Мурат Иманов.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Мурат Иманов «МӨЭК» АҚ Өзен АЭТ-да жедел шығу бригадасының электрмонтері болып жұмыс жасады. Кейін, сала бойынша жақсы білімді және жұмысқа қатысты адал қатынасты көрсетіп, Өзен АЭТ басшысы болып тағайындалды. 2017 жылы Мурат Иманов компанияның перспективалық даму және капиталдық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Акционерлік қоғамдағы осындай лауазымдық өсімге Мұратпен қатар, оның курстас-достары да қол жеткізді.
Қазіргі уақытта энергетиктер жауапты лауазымдарды атқаруда: Олжас Джаманов метрология қызметінің бастығы болып жұмыс жасайды, Азамат Шангреев Өзен АЭТ қосалқы станциялар тобының бастығы лауазымында еңбектенуде, Бауржан Аманбеков перспективалық даму қызметін басқаруда, Макпал Тлеукулова – электр энергиясын талдау және есептеу бөлімінің жетекші маманы, ал Бибигуль Бесмагамбетова орталық диспетчерлік қызмет желілері бойынша диспетчер болып табылады.
– Жас энергетиктерге білімдерге ұмтылуды, тұрақты жетілуді, техникалық әдебиетті көбірек оқуды, саладағы жаңа беталыстарды қадағалауға тілегім келеді, себебі ол тұрақты дамуда, нөлден бастауға қорықпай, техниканы және жабдықтарды сезіну керек. Ең бастысы, әрине, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Бізде компанияда осыған басты назар бөлінеді. Бізбен өзінің теңдессіз тәжірибесімен бөліскен біздің мұғалімдерге – Нури Арыстановаға, Кайрат Бакеновқа, Гульнар Манаповаға, Сергей Соколоваға алғыс айтқым келеді, – деп, атап өтті Мурат Иманов.
P.S.: Y ұрпағы біртіндеп алдыңғы ұрпақтың орнын басуда — бұл міндетті түрде болады. Ол қарқынды техникалық даму кезеңінде, кеңейетін және өмірге терең енетін коммуникациялық құралдар әсері астында, қуатты ақпарат шу астында өсіп, іс жүзінде маңыздыны табуға қабілетті. Және осы ұрпақ адамдары осы жаңа жағдайларда өмір сүре алады.