Қосалқы станциялардың электрлік жабдықтарын сынауға және электрлік тораптардың ақауларын анықтауға арналған жаңа техниканы «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ сатып алды. Бұл туралы команияның баспасөз-қызметі хабарлауда.
«ЛП-35» жылжымалы электртехникалық зертханасы заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған және энергетиктерге қажетті барлық сынақтарды және өлшеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.
- Автоэлектрлік зертхана көмегімен біздің энергетиктер белгіленген жерде кабельдерге қатысты тым жоғары кернеумен сынауды жүргізе алады, оқшауламаның және электртехникалық жабдық параметрлерінің өзгерістерінің бақылауын жүргізе алады, күштік трансформаторлардағы төмен кернеу кезінде өлшеулерді орындай алады, басқаша айтқанда – қосалқы станциялардағы барлық жабдықтардың толық тексерісін жүргізе алады, - деп, жарияланған хабарламада атап өтілді.
Зертхана электр қуатымен жабдықтаудың автономды тасымалды генераторынан жұмыс жасайды. Ол жабдықпен максималды жиынтықталған. Диагностиканың жоғары технологиялық жүйесі автоматты режимде зертхана ішінде орналасқан басқарудың бірыңғай орталығынан электрлік жабдықтарды өлшеу және сынау бойынша барлық оперцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Барлығы ағымдағы жылдың басынан маңғыстаулық энергетиктер 5 бірлік арнайы автокөлікті сатып алды: УАЗ-3909, УАЗ «Патриот», УАЗ-23632, максималды биіктігі 32 метрді құрайтын автомұнара (АГП), «Урал-4320» шұңқыр бұрғылаушысы, автокран және тиеуші экскаватор.