• Маңғыстау облысы аймағында өзінің электр беру желілерімен электр энергиясын беру және бөлу
  • Электр энергиясын беру және бөлу көлемі 2014 жылы 2 945 млн.кВт/сағ. құрады. Қоғамның басты мақсаты болып аймақтағы энергиямен жабдықтаудың тиімділігін және сенімділігін өсіру табылады, сонымен қоса, инвестициялық тартымдылықты өсіру мен компания құнын ұлғайту
  • 6170,155 км электр өткізудің әуе желілері
    Қоғамның басты мақсаты болып аймақтағы энергиямен жабдықтаудың тиімділігін және сенімділігін өсіру табылады, сонымен қоса, инвестициялық тартымдылықты өсіру мен компания құнын ұлғайту
  • Маңғыстау облысы аймағында өзінің электр беру желілерімен электр энергиясын беру және бөлу

1974 жылы Ақтаудағы құс фабрикасы ауданынан әрқайсысының қуаты 4000 кВа екі трансформаторлы 35/6 кВ қосалқы станса (ҚС) пайдалнауға берілді. № 14 «Жетібай» 110/35/6 кВ қуаты 40500 кВа болатын трансформатор орнатылды. Жалпы белгіленген қуаты 62600 кВа болатын қос трансформаторлы, 110/35/6 кВ қосалқы стансалары (Маңғышлақ ст, «ПТБ»-  12600 кВа, № 11 «Промзона» ҚС – 50000 кВа) кәсіпорын балансына өтті.

1975 жылы ұзындығы 49 км болатын 10 кВ және 14 шақырымдық 0,4 кВ әуе желілері (ӘЖ) пайдалануға енгізілді, сондай-ақ Жетібай стансасындағы жалпы қуаты 2700 кВа болатын 6/0,4 кВ 12 қосалқы стансалы энергошаруашылық мекеме балансына қабылданды.

1976-77 жж. «Жетібаймұнай» МГӨБ-на қарасты 35 кВ ҚС және әуе желісі толықтай МЭЖК балансына өтті.

1978-79 жж. жалпы қуаты 73000 кВа болатын қосымша бір 110 кВ жоғары вольтті әуе желісі (ЖӘЖ) және бір 110/35/6 кВ ҚС, 110/6 кВ ҚС, он бір ТП-6-35/0,4 кВ пайдалануға берілді. Сондай-ақ осы кезеңде ең ірі «Қаражанбас» және «Қаламқас» қосалқы стансалары мен тарату желілері іске қосылды. Күшейткіш детальдарын ауыстыру арқылы ВМ-35 кВ ажыратқышын модернизациялау және электроэнергия шығынын үнемдеу мақсатында кернеуді автоматты АРНТ реттегіштерін орнату жұмыстары атқарылды.

1980-81жж. жаңа қуаттарды қосу көлемі арта түсіп, «Таушық», «Өмірзақ», «Ақжігіт» төмендетуші қосалқы стансалары қатарға қосылды. «Қаламқас-1» 110/35/6 кВ ҚС-ң қуаттылығы 10 мың кВа болатын екінші трансформаторы пайдалануға қосылды. Май толтыратын жабдықтарға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін циолитті қондырғылы тарнсформатор майын кептіргіш іске қосылды. Электр желілерінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін ВМГ-110 типті МВ-110 кВ жабдығы Болгарияда өндірілген ММО-110 кВ құрылғысымен ауыстырылды.

Мердігерлік мекемелер «Өмірзақ» 110/6 кВ ҚС және 220 кВ габаритіндегі Шевченко – Қаражанбас 110 кВ әуе желісін пайдалануға тапсырды. Осы жылдарда 6 – 10 кВ фидерлер кәсіпорын бойынша АПВ, АВР құрылғыларымен қамтамасыз етілді. Электр желілері кәсіпорнында орталық реттеу пункті және Өзен, Бозашы ЭЖА-да аудандық реттеу қызметтері құрылды.

 1982-83 жж. барысында Маңғыстау электр желілері кәсіпорнында: Өзендегі орталық тарату қондырғысында ИИСЭ-1-48 есепке алудың автоматты ақпараттық-өлшегіш жүйесі, ШД-5 реттеуші қалқаны, ПДД-4, ЭДТС-66 МИГ-21 коммутаторы сияқты көптеген жаңа техникалар мен жабдықтар қатарға қосылды.

«Қаламқас» ҚС-да «КУСТА» типті ТМ аппаратурасы орнатылды

 1984-87 жж. аралығында өндірісті модернизациялау және жаңа желілерді іске қосу жұмыстары жалғастырылды. Жалпы ұзындығы 140 шақырым болатын 220, 110 кВ әуе желілері салынып, мекеме балансына өтті.

Л-У-1 Шевченко - Өзен 220 кВ әуе желісінің залал тиген жерлерін анықтау үшін ЛИФТ құралы орнатылып, Өзен – 220 кВ ҚС-да және ТЭС – 3 ҚС-да апатқа қарсы АНКА – 14, АВПА автоматика құралдары іске қосылды.

МЭЖК реттеу орталығы мен «Аэропорт» ҚС-да ТМ-800 типтес телесигнализация құрылғысы жұмыс істей бастады.

1988 жылы Ақтау – Бейнеу – Теңіз бағытындағы 220 кВ транзитті әуе желісі пайдалануға берілді. Соның арқасында Маңғыстау атом энергокомбинаты республиканың Батыс энерготорабының біртұтас энергожүйесіне қосылды.

1989-90 жж. «Қарамандыбас – 1,2» және «Плато – 1,2» ҚС-да электр энергиясын есепке алуды жинақтаушы ЕТС – 1 М құрылғысы қондырылды. Сол кезде іске енгізілген ПУВМ-АТ типтес дервес ЭВМ (ЭЕМ) қазірге дейін қолданылып келеді. «Гранит» телемеханикалық кешенін орнықтыру, баптау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Өзен» 220 кВ ҚС-ғы ЭПО-1077 қорғаныс панелін ПДЭ-0301 маркасымен модернизациялау жұмыстары жасалды. «Бейнеу-220 кВ» ҚС-да күші 63 мың кВа тең Т-1 трансформаторы РОДЦ 500 кВ реакторымен қоса пайдалануға тапсырылды.

1991-92 жж. өндіріске жетілдірілген технологияларды енгізу, жұмысты механизациялау, автоматтандыру және жабдықтарды модернизациялау бойынша белгіленген жоспарға сәйкес «Бейнеу-220 кВ», «Бейнеу-110 кВ» ҚС-да АВС-1 жоғарыкернеулі байланыс аппаратурасы, ТЭС-3 ҚС-да апатқа қарсы ШП-2701,03 автоматикасы іске қосылды.

«Бейнеу-220 кВ» ҚС-да электр энергиясын есепке алатын ЦТ-5000 автоматты жүйесі енгізілді. «Гранит» телемеханикалық кешенін жұмысқа қосуды тиянақтау аяқталды. Барлық ЭЖА-да УИК-1 әмбебап өлшеуіш комплекті іске қосылды.

«Бейнеу-220 кВ» ҚС-да РОДЦ-500 реакторымен күші 63 мың кВа екінші трансформатор пайдалануға берілді. Кәсіпорынның оқу-жаттығу полигоны салынып бітті.

1991 жылы Қазақ ССР Энергетика министрлігі төралқасының шешімі бойынша сол полигонда «Тарату желілері электромонтерлерінің республикалық алғашқы байқау-конкурсы өткізіліп, оның қорытындысында МЭЖК Жетібай ЭЖА бригадасы бірінші жүлделі орынды жеңіп алды.

1993-94 жж. күші 25 мың кВа 35 кВ және одан жоғары ҚС, жалпы ұзындығы 47 км болатын 0,4 кВ, 10 кВ жоғарывольтті әуе желісі, 1384 шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Түпқараған» ҚС, «Демалыс базасы» ҚС-нан тартылған 25 шақырымдық 6 кВ әуе желісі, «Қарақұм» кеңшары қыстауын электрмен жабдықтау үшін 10 кВ және 0,4 кВ желілер тартылды.

Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дами бастауына байланысты кәсіпорындағы өндірісті басқару ішінара қайта құрылды. Штатқа жаңадан директордың экономика және коммерция жөніндегі орынбасары лауазымы енгізіліп, сол арқылы есеп бөлімі, экономикалық жоспарлау бөлімі, энергия сату бөлімі және кәсіпорынның экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру бойынша қызметтер үйлестірілетін болды.

1995-96 жж. Станса жанынан қуаты 35/10 кВ ҚС жанынан алты жабық трансформаторлы қосалқы станса, жылу жүйесі бар қызметтік тұрғын үй салынды.

1995 ж.ҚР Энергетика министрлігінің 03.04.1995 ж. №23 бұйрығына сай «МРЭК» - «МЭТК» мекемесі «Атырауэнерго» құрамынан шығарылып, «МАЭК» РМК-ға бағындырылды.

1996 ж. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Маңғыстау аумақтық комитетінің 30.09.96 ж. №114/01-5 қаулысының негізінде Маңғыстау электр желілері кәсіпорны (МПЭС) «Маңғыстау электр тарату компаниясы» (МЭТК) ашық түрдегі акционерлік қоғам болып өзгертіліп құрылды.

1997 ж. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Маңғыстау аумақтық комитеті өткізген тендердің қорытындысында «МЭТК» ААҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетін басқару «Энергосервис» ЖШС-не берілді.

2005 ж. «Қаражанбас» учаскесіндегі ҚС-ны 200 кВ қуатына шығару жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл Қазақстандағы электр энергиясын тарату компаниялары арасында тұңғыш рет қолданылды. Бағалы қағаздар шығару есебінен ақша қаражатын тартуда, еліміздің рынок қорын ынталандыруда  «МЭБК» АҚ еліміздегі өз әріптестері арасында көшбастаушы болды.

2006 ж. Баутинода қуаты 110/10 кВ ҚС салу жөніндегі инвестжоба іске асырылды.

2007 жылы Ақтау – Құрық әуе желісінің екінші линиясы тартылып, жаңа Құрық 110/10/6 кВ ҚС пайдалануға берілді.

 

 

FaLang translation system by Faboba

igisinova

Игисинова Салтанат Жаңалыққызы.

 

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма Төрайымы

 

 

Құрметті сайттың келермендері!

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ корпоративті сайтына қош келдіңіздер.

Біздің компания – Маңғыстау облысындағы электр энергиясымен қамтамасыз ету және беру бойынша қызметтерді көрсететін нарықтағы үстем жағдайға ие, Қазақстанның батыс аймағындағы ірі мекемелердің бірі.  Электр энергиясының тоқсан пайызы «МЭБК» АҚ желілері бойынша тасымалдау,  аймақтағы ірі мұнай өндіруші компаниялармен тұтынылады.

Компанияның мақсаты құрылғылардың, қондырғылардың, ғимараттардың және табыстау қондырғыларының қауіпсіз жұмыстары үшін тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады. Қоғам электр энергиясы желілерінің жүйелерін ұлғайту және қайта құруға ерекше назар аударады.

Біздің сайт компания туралы  және энергетика сұрақтары бойынша сенімді ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ әрекетіне қатысты, клиенттермен және әріптестермен сенімді байланыс орнату тәсілі болатынына сенеміз.

 

Ізгі құрметпен,
Игисинова Салтанат Жаңалыққызы,
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма Төрайымы